Кейбіреулер айт намазына жаяу бару керек, намазға барарда тәкбір айту міндетті деп жатады. Бұл қаншалықты дұрыс?
Ермахан, Теміртау қаласы
Айт намазына жаяу бару және жаяу келу сүннет болып табылады. Ислам ғалымдарының көбі адамның айт намазына жаяу баруын абзал санайды. Егер қажеттілік болмаса, мешіт жақын болса, лажы болса айт намазына жаяу барған дұрыс. Ал егер айт намазын оқитын орын алыс болса, оған көлікпен барудың еш сөкеттігі жоқ. Негізі айт намазына мешітке бара жатқанда тәкбір айтқан дұрыс. Ораза айтта тәкбір іштен, ал құрбан айтта тәкбір жария түрде, дауыстап айтылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да тәкбірлерді үйінен шыққанда және айт намазы оқылатын жерге дейін айтатын болған. Тәкбір былай айтылады: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар! Лә иләһә иллалла! Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, уә лилләхил хамд». (Мағынасы: Алла Ұлы, Алла Ұлы! Алладан басқа Тәңір жоқ! Алла Ұлы, Алла Ұлы, әрі Аллаға мақтау-мадақ!). Ораза айтта тәкбірдің ең жеңіл түрі: «Аллаһу әкбар!» деп іштей мешітке жеткенше айта берсе де болады. Не болмаса, тек «Лә иләһә иллалла» деп те тәкбір айтуға болады. Бұл ретте біз бір нәрсені ерекше ескеруіміз керек. Айт намазына барған жолмен қайтарда жүрмеген абзал. Себебі айтқа байланысты бір хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айт күні мешітке барған жолмен қайтпай, басқа жолмен қайтатын еді», - делінген. Демек айт көпшілікпен дидарласып, кең ауқымда өткізілетін мереке.
Айт намазына жаяу бару керек пе?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора