Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды.
Биыл Рамазан айындағы ораза 29 күнге жалғасып, 26 маусым күні Ораза айтымен ұласады. Он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айының ерекшелігі - бұл ауыз бекітетін, жалпыға ортақ ізгі амалдар жүзеге асатын кез, яғни бұл айда игі мұсылман қауымының бес парызының бірі - ораза ұстау басталады. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы - бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді. Ал оразаның парызы - ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану. Бұл айда өзін мұсылман санайтын әрбір азамат Рамазан айын құрметтеп, тыйымдардан сақтанады. Ораза тұтып, ғайбат жасамаған, жалған сөйлемеген, ешкімді ренжітпеген, арам әрекеттенген сақтанған адам Рамазан айын құрметтеген болып саналады. Яғни Рамазан айын құрметтеген адам Алла Тағаланы құрметтеген болады.