Әйелін қызғанбайтын еркек жәннатқа кірмейді

Қызғаныш сезімінің аясы кең. Алайда ең әйгілісі жұбайлар арасында болғандықтан, біз осыған тоқталмақпыз.

 

Қызғаныш – жаратылыс тұрғысынан адам бойында бар сезім. Ислам діні жұбайлар арасында қызғаныштың болуын қайта құп көреді. Бірақ әрине оның өлшемі болуы тиіс.

 

Аммар ибн Ясир (р.а.) жеткізуде:

 

Ардақты пайғамбар (с.а.у.): «Үш кісі ешуақытта жәннатқа кірмейді:

 

Дәйіс (әйелін қызғанбайтын еркек), еркекшора әйел және араққа салынған маскүнем, – деді.

 

Көпшілік: – Уа, расулалла, маскүнем кім екенін білеміз, дәйіс деген кім? – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.у.): – Отбасына кімнің кіргеніне мән бермейтін адам, - деп түсіндірді».

 

Адамда ашу күшінің болуы оның өз жанын, отбасын, мүлкін қорғауға бағытталған. Егер осы сезімге әсіре берілсе, ол адам озбыр жанға айналады. Осы секілді қызғаныш сезімінің берілу мақсаты – жұбайлардың бір-бірінің арын қорғауы, оларды әдепсіз жандардың жаман ойы мен сұғынан қорғау, үйленгеннен кейін өзара құрметте жатыр.

 

Әйел кісі көбіне қорғануды қажет ететіндіктен, оны қорғайтын сауыт есебіндегі ер кісідегі қызғаныш сезімі анағұрлым күшті. Ұлы Жаратушы берген хикмет тола осы қызғаныш сезімі өз шегінен аспаған уақыттарда жақсы, алайда шегінен асқан уақытта кеселге айналады. Құран мен сүннеттің белгілеген шегінен асқандар, өмір бойы күдік пен күмәннан арылмай, қиналып өмір сүреді.

 

Өте анық себеп болмастан жұбайлардың бір-бірінен күмәндануы оларды кеселге ұшыратуы мүмкін. Бұндайлар Құранда аталған «арам ойлау» мен «біреудің кемшілігін тіміскілеу» кінәсі үшін жауапқа тартылады.

 

Қызғаншақтықтың небір түрлерін кезіктіресіз. Таңертең үйден шығып бара жатып перденің ашылып-ашылмағанын бақылау үшін белгі қойып кететіндер, үйге келгенде душты, сабынға мұқият қарайтындар, жұбайларын ешкіммен сөйлестірмейтіндер, асықса да жалғыз таксиге отыртпайтындар, жұмысына жиі телефон шалып бар-жоғын қадағалайтындар т.б.

 

Қатты асқынбаса да, үй ішіндегі үйлесімді бұзатын қызғаныштардың көбі өзі сүйген адамын жоғалтып алам ба деген қорқыныштан және өзіне деген сенімсіздіктің туындайды. Кей адамдар жұбайларының өзгенің жақсы жақтарын байқағанын не соны әңгімелеуін ұнатпайды. Бұны жұбайы өзін ұнатпады деп қабылдап, қызғанышқа беріледі. Ал анығында бұл қате түсінік. Ешкім де мінсіз емес. Өзгенің кейбір қасиеттері өзінен асып түсуі мүмкін. Жұбайы өзгенің жақсы қасиеттерін сөз ете қалса, өзін ұнатпайды екен деп ойлау қателік.

 

Қызғанған адам әуелі сол қызғаныштан туатын ерсі қылықтарына абай болуы керек. Кейбір қызғаншақтар әйелін үйде қамап ұстау үшін қорқытуға барады. Ал анығында адалдық қорқытудан емес тек сүйіспеншіліктен туады. Жұбайын қысыммен ұстау, әр қылығын бақылау, әсіре күмәндану, қызғанышын ашумен білдіру екінші адамды тіптен өзінен алыстата түседі.

 

Жағымсыз сезімдерді басқарудың жолы жақсы сезімдерге үйірсектеуде. Әркім көңілі сүйген адамға махаббатпен жақындаса, ол да өзіне жақындап, қызғанышты тудыратын себептер өздігінен жоғалады.

 

Сенімге сызат түсіретін ең маңызды фактор – жұбайлардың бір-бірімен ашық сөйлеспеуі. Ашық сөйлеспегендіктен, байқамай қателіктерді одан да арттыра түседі. Мәселе ушықпауы үшін міндетті түрде ашық қатынас керек.

 

Бір ескерте кетерлігі, қатынастарда адамның жүгінген тәсілі де маңызды. Адам дұрыс нәрсе айтқанда, қате тәсіл таңдаса әрі ойын дұрыс жеткізе алмайды, әрі арадағы өкпені де арттыра түседі. Мәселе шешілмейді. Екеуі де бәрінен бұрын эмпатиялық қатынасты үйреніп, соны орындай білуі керек.

 

Сіздегі қызғаныш бала кезіңізде бастан өткерген жағдайларға қатысты болса, бір психиатрға қаралу артықтық етпейді.

 

Кейде қызғанған жұбайлар бұған үнемі өздерін кінәлайды. Бірақ бұған қышғанышқа себеп болған адамның қателіктері де түрткі болуы мүмкін. Сол себепті қызғаныш не күмән тудыруы мүмкін қылықтарға бармаған дұрыс. Екі жақ та өз іс-әрекеттерін бақылап, қадағалауы тиіс.

 

Қызғанудың жақсы екенін де біліңіз, өйткені ол жақсы көруден де болады.

 

(Түпнұсқадағы тақырып: Жұбайлар арасындағы қызғаныш)

 

 

 

Бердібек Мәсенов

islam.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста