ӘЙЕЛДЕРДІҢ МЕШІТКЕ БАРУЫ ЖӘНЕ САП ТҮЗЕУІ

Шын мәнісінде, әйелдердің мешітке баруы дінімізде құп көрілмеген іс. Өйткені, әйел қай құлшылығын болмасын үйінде жасағаны мақұл. Ал енді бүгінгідей әйел мен еркек тең болып жатқан осынау заманда да, әйелдің басыбүтін мешітке барып, яки сап түзеуіне мұқым-мүлде тыйым салынады. Немесе әйелдердің еркектермен бірге мешітке баруы, не сапта тұруы оларға қойылған тосқауыл және ақысын жеу болып саналмайды. Негізі әйелдердің қажеттілік туындағанда, еркектер жоқ кезде мешітке кіріп уақыт намаздарын оқуына болады. Одан бөлек, үйрететін басқа ешкімі жоқ болып, еркектерге де көрінбейтін болса, мешіттегі Құран курстарына қатысып, әйел ұстаздан намазға және хайзға (етеккірге) қатысты білімдерді үйренуіне толық мүмкіндік бар. Бірақ мешітте еркектермен бірге намаз оқуына болмайды.

 

Әйелдерді мешітке жібермекші болғандардың мақсаты – діннің әмірлерін өзгертіп, мұсылман әйелдер арқылы еркектерді бұзу. «Әйелдер еркектермен бірге бір сапта болуы тиіс» деп айтулары да арам ниеттерін көрсетуде. Дінімізде әйел еркекпен тең деп, әйел еркекке имам бола алмайды. Қасқыр да, қой да жануар, бірақ от пен оқдәрі сияқты, екеуі бір жерде тұра алмайды.

 

Құран кәрімнің аяттары мен хадис шәрифтерді ең жақсы түсінетін Әһли сүннет ғалымдарының бірі, үлкен фиқһ ғалымы Ибн Абидин хазреттері былай дейді: «Қыздардың, жас және кәрі әйелдердің бес уақыт намаз, жұма және айт намаздарын оқу үшін мешітке баруы жаиз (рұқсат) емес. Бұрыңғы заманда өте кәрі әйелдердің ақшам және құптан намаздарына баруларына рұқсат берілген болса да, қазір олардың да баруы жаиз (дұрыс) емес».

 

Ия, екі ғасыр бұрын-ақжаиз (дұрыс) болмаған мәселе, қазір қалайша жаиз болады?

 

Әйелдердің жамағатқа келуі мәкрух. Әуелде «Кәрі әйелдердің бамдат, ақшам және құптан намаздарына келуі жаиз» деген фәтуа берілген болса да, бұл заманда бүліктің кеңінен жайылғаны себебінен әйелдердің мешітке келуі бұдан былай мәкрух болып табылады. Тәбйин кітабында да осылай жазылған.

 

Имам Ғазали хазреттері былай айтқан: «Қазіргі таңда, кәрі әйелдерден басқа әйелдердің мешітке бармауы Асхаби кирам заманында да дұрыс саналған фәтуа. Шынында, хазреті Айша анамыз айтқанындай, егер Расулуллаһ бүгінгі жағдайды көргенде еді, мешітке бару үшін әйелдердің үйден шығуына рұқсат бермес еді»

 

Шәйх-ул-ислам Абдуллаһ Руми хазреттері былай деген: «Мешітте еркектерге айтылған уағызды тыңдауға келген әйелдерге тиісті адамдардың тосқауыл болуы қажет болады».

 

Шамил Энциклопедиясында да былай жазылған: «Хазреті Айша анамыз айтқан, Расулуллаһ әйелдердің бұл жағдайын көргенде еді, тура Исраил ұлдарының әйелдерін мешіттен тыйғанындай, оларды да мешітке жібермес еді».

 

Мазһабсыздар сүйіп тыңдайтын Уәһба Зухайли да былай деген: «Ханафи және Малики мазһабтары бойынша жас әйелдердің жұма және айт намаздарын және басқа да намаздарды оқу үшін мешітке баруына рұқсат берілмейтіндігінде ғалымдардың үкімі біріккен. Өйткені Ахзаб сүресінің 33-ші аятындағы Аллаһу Тағаланың «Үйлеріңде отырыңдар!» әмірі үйден басқа жерге намаз оқуға баруға тыйым салуда. Сондай-ақ, әйелдердің жұма және айт намаздарына, жамағатпен намаз оқу үшін үйден шығуы фитнаға себеп болуы мүмкін. Ал фитна – харам. Харамға жетелейтін нәрсе де харам болады.

 

Әйел мешітке, жамағатқа не үшін барады? Көбірек сауап алу үшін келеді. Алайда, әйелдердің үйде оқыған намаздары сауаптырақ болады. Екі хадис шәриф:

 

«Әйелдердің ең қайырлы намазы – үйлерінің ең түпкі бұрышында оқыған намазы.»

 

«Әйелдердің үйінің ең жасырын жерінде оқыған намазы қонақ күтетін бөлмеде оқыған намазынан абзал. Ал қонақ күтетін бөлмесінде оқыған намазы мешітте оқығанынан абзал.»

 

Олай болса, әйел көбірек сауап алу үшін мешітке емес, үйінде ең түпкі бөлмесінде намаз оқуы керек. Мазһабсыздардың «Әйелдер құқығы» деген сөздерді бетперде етіп, әйелдерді көшенің әйеліне айналдыруға және еркектердің арасына араластыруға тырысуларына мән бермеу керек.

 

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста