Әйел кісі «талақ» айта ала ма?

1. Ері әйеліне талақ етуге өкілеттілік берген болса, әйелі өзін талақ ете алады. Мұны «тәфуиди талақ»дейміз[1]. Талақтың бұл түрі айтылған сөзге қарай - «рижғи талақ» немесе «баин талақ» үкімін алады.

2. Әйел кісі ерімен белгілі ақыға келісіп, «талағын» сатып алуы мүмкін. Бұны «хүлғ» деп атайды. Бұл - «кіші байн талақ» үкімін тудырады[2].

3. Әйел кісі кейбір зәру жағдайлар себепті қазыға (бүгінде мұсылман сот) жүгініп, сот арқылы ажырасуға құқы бар.

Бұлардан өзге әйел кісінің өз бетінше «талақ» деп айтқан сөзі – талақ болып есептелмейді.

Дінімізде талақ ету құқы - тікелей отағасына тән[3]. Жоғарыда сайып өтілгендерді айтпағанда, әйел кісіге тікелей талақ ету мүмкіндігі берілмеген. Бұл - әйел затының нәзік табиғатын, әрі аса сезімталдылығын ескергендіктен болса керек.

Бұнымен қатар, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) мына бұйрығын айтпай кетуге болмайды. Ол (с.ғ.с.) былай дейді:

«Қайсыбір әйел ешқандай залал көрмесе де күйеуінен талақ сұрайтын болса, ол әйелге жәннаттың иісі харам»[4].

Сондықтан да, қит етсе «кетемге» басып, ажырасуды көздеудің күнә екендігін естен шығармаған жөн.

 

[1] Мысалы, ері әйеліне: «Өзіңді қалаған уақытта талақ ет» десе, әйел кісі сол мезетте немесе басқа уақыттарда талақ ете алады. Алайда, «қалаған кезде» деп емес, жай: «Өзіңді талақ ет» деген жағдайда, әйелдің тек сол мезетте, сол мәжілісте ғана талақ ету құқы бар. Егер, орнынан тұрып, кетіп, басқа нәрселермен шұғылданса, есептелмейді.

[2] Рижғи талақ - үш хайыз уақыты ішінде қайта татуласуға мүмкіндік бар, неке жаңартпайды. Байн талақ – «үлкен байн» және «кіші байн» талақ болып бөлінеді. Үлкен байн талақта қайта қосылу мүмкіндігі жойылады. Кіші байн талақтан кейін - әйелдің ризалығымен қайта неке жаңартуға мүмкіндік бар.

[3] Ақыл-есі дұрыс, кәмілетке толған болуы шарт.

[4] Әбу Дәуід: Китабут Талақ – бәбу фил Хулъи- №2226 хадис.

Абдусамат Қасым

muslim.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста