Жүктілік кезінде намазды тұрып оқуға қиналған сәттен бастап, отырып оқуыңызға болады. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) Ъимран ибн Хусайын деген сахабаға: «Намазды тұрып оқы. Тұрып оқи алмасаң, отырып оқы. Отырып та оқи алмасаң, бір жақ қырынан жатып оқы»[1], – деген.
Сондай-ақ, сәждеге баруды ауырсынсаңыз отырған күйі иілуіңіз жеткілікті. Тек рүкүғқа иілгеннен кейін сәждеге одан гөрі көбірек иілесіз.
Алла елшісі басқа бір хадисінде: «Мүмкін болса, жерге маңдайыңды қой. Оған шамаң келмесе, қимылмен оқы. Сәждеге рүкүғтан гөрі көбірек иіл!»[2], – дейді.
Осы орайда, жерге отыру қиынға соқса, орындыққа отырып оқуға болады. Алла біздерге ауырлық емес, жеңілдік қалайды[3].
Ең дұрысы - Аллаға мәлім!