ШҚО-да облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың қатысуымен діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті көшпелі отырысы өтті. Отырыс барысында Аягөз ауданының діни ахуалы қарастырылып, бірқатар шешімдер қабылданды.
Айта кетсек, бүгінгі күні Аягөз ауданында 23 жергілікті діни бірлестіктер және филиалдары тіркелген. Сондай-ақ, аудан дәстүрлі емес діни ағымдардың, оның ішінде исламдық және христиандық жақтаушыларының болуымен сипатталады. Облыс әкімінің орынбасары, отырыс модераторы Жақсылық Омар айтып өткендей, діни бірлестік бейбітшіліктің кепілі болып қала бермек.
– Аудан тұрғындарын аймақтағы діни ахуал, діни ұйымдардың жұмысы алаңдатпауы қажет. Осы тұста бірқатар жұмыстар жүргізіліп, қажетті мәселелер жедел шешімін табуы қажет. Себебі діни бірлік, діни келісім, ел бейбітшілігінің кепілі, – деді Ж. Омар.
Бүгінгі күні аудан аумағында «проблемалық» елді мекендер болып Аягөз қаласы мен Ақтоғай кенті саналады. Оларда 94 салафиттік бағытты ұстанатын адам, 7 таблиғи жамағат және 50 інжіл христиан баптистер тұрады. Дегенмен, аудандағы діни ахуалға жүргізілген мониторинг дін саласындағы оң өзгерістер бар екендігін көрсетіп отыр.
shyn.kz
Аягөздегі діни ахуал
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора