Әдепті болу – қандай жақсы

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) былай дейді: «Адам баласы өз баласына әдептіліктен артық нәрсе үйретуі мүмкін емес». Шынында да, адамға ең керегі – әдеп болса, сол әдеп оның өлшемі де болуға тиіс. Мәуләна Жалалиддин Румидің: «Әдебі жоқ, адам емес» деуінде үлкен мән жатыр. Олай болса, әдепті болмақ әрбір адамның қай жерде де, қай уақытта да ұстанар ғадеті, өзіндік өлшемі болуы керек. Әдептілік сыпайлықпен біте қайнасқанда ғана көрініс бермек. Негізі сыпайы болмай, әдепті бола алмайсыз. Әдептілік өте құнды қасиет. Әдепсіз адам анадайдан көрініп тұрады. Төменде әдепсіз адамдардың қылықтарына тоқтала кетейік.

1. Дөрекі, адамды менсінбейді.
2. Сөйлемейтін жерде бос сөйлейді.
3. Сөйлеп тұрған адамның сөзін бөліп, жөнсіз килігеді.
4. Әрбір сөзінің басын «меннен» бастайды.
5. Әңгімелесіп тұрған адамға әсер ету мақсатымен жөнсіз сұрақтар қойады.
6. Әңгіме арасында, тыңдарманға ерсі көрінетін анайы тақырыптарды айтады.
7. Шақырмаса да келу әдеті.
8. Бөспелік, мақтаншақтық.
9. Қалай болса солай киіну.
10. Уақытсыз уақытта телефон шалу.
11. Телефонмен сөйлескенде керексіз заттарды айтып мыжып тұрып алады.
12. Ат үсті таныс адамға ескі танысынша сөйлеу.
13. Өзіне қатысы жоқ, білмейтін тақырыпқа пікір айту.
14. Әңгімелесіп тұрған адамның қабілетіне шек келтіру.
15. Тәуелді адамдардың сұраған нәрсесін шамасы келіп тұрса да бермей кісімсу.
16. Танитын адамдары тұрғанда, адамды кемісітіп, кекеп сөйлеу.
17. Біреудің кемшілігін дәріптеу.
18. Басқа адамдар тұрғанда бағыныштыларын сынап-мінеу.
19. Бірдеме сұрағанда бермеген адамға наразылық білдіру.
20. Таныстығын, жақындығын пайдаланып қайта-қайта тілемсектене беру.
21. Адамның діни сезіміне тиетін сөздерді айту.
22. Өзінің мінез-құлқымен адамды жақтырмайтынын білдіріп тұру.
23. Әңгіме барысында сәтсіздікті, ауруды тақырыпқа арқау ету.
24. Өзінің қарсылығын саяси не діни түрде білдіру.
25. Адамды өте «өзімсініп» кету. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста