Адамның тәні – Алланың аманаты

Алла тағала Құран Кәрімде: «Адам баласын ең көркем мүсінде жараттым», &ndash дейді. Расында, біздің түр-тұлғамыз бен тік жүруіміз жер бетіндегі өзге аң-жануарларға қарағанда сымбатты екені айдан анық. Ал, жалпы, адами тұрғыдан алғанда, Жаратушы Иеміз байлық, мансап секілді, сұлулықты да біреулерге сынақ ретінде армансыз беріп қойған да, біреулерге оны бермеген. Сұлулар (әсіресе, ару қыздар) өздерінің бұл аманатын қалай, қандай мақсатқа пайдаланады деп сыналады екен.

Әрине, Ислам дінінде тән сұлулығы ешқашан бірінші орынға қойылған емес. Дегенмен, қазақта ақыл-санасы да, әдемілігі де кәміл жандарды «Ақылына көркі сай» деп жататыны белгілі.

Алайда, бүгінгі таңда ішкі рухани байлықтан гөрі сыртқы материалдық байлықты, жан сұлулығынан гөрі тән сұлулығын артық көретін «өркениетті» адамдар қатары көбейгені рас. Сондай жандар өздерінің сыртқы түр-мүсіндерінің сүйкімді көрінуі үшін небір әдіс-амалдарды жасауға ойланбай-ақ барып жатыр. Соның бірі &ndash қазір кеңінен таралған пластикалық операциялар.

Пластикалық операция &ndash Алла тағала жаратқан тәніңді пышақтың көмегімен өзгерту деген сөз. Ол грек тіліндегі «plastikos», яғни «форма беру» деген сөзден шыққан. Әу баста пластикалық операциялар егер дененің туабітті бір кеміс жері не артық тұстары болатын болса немесе оқыс жағдайларға байланысты зақымданған жерлерін қалыпқа келтіру үшін жасалынатын болған.

Бірақ, кейін әдемі болуға талпынған адамдар, соның ішінде, әсіресе, халықтың көз алдында жүретін өнер адамдары он екі мүшесі сау бола тұра, Құдай жаратқан дене мүшесін одан бетер «әдемілеу» және қартаюға «тосқауыл» қою үшін де пластикалық операцияларға жиі жүгінетін болып алды.

Егер шариғат талаптарына көңіл аударар болсақ, Ислам дінінде тек тәннің кемістігін жою мақсатында ғана мұндай әдіске баруға рұқсат етіледі. Ал, тәнді қолдан себепсіз өзгертуге Исламда қатаң тыйым салынған. Мұны Алланың жаратқан ісіне араласу деп санайды.

Құран Кәрімде: «Әлбетте, Алла сендерге аманаттарды өз иелеріне тапсыруға бұйырады» («Ниса» сүресі, 58-аят), &ndash делінген. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде әдемі, әрі жас көріну үшін тістерін егеумен қайрайтын әйелдерді және терілеріне сурет (татуировка) салғандарды лағнеттегені туралы айтылады.

Жалпы, Ислам діні мұсылмандарды өз түр-сымбатына қарап жүруге, таза да жинақы болуға үндейді. Бұл талап әйелдерге де, еркектерге де қатысты. Алайда, Алла жаратқан дене мүшелерді өзгертуге дейін сәнденуді дініміз құп көрмейді. Соның ішінде пластикалық операциялардың көбі негізінен харам тірлікке жатады.

Ал, бүгінгі таңда мұндай операциялар қалай жасалуда? Олардың нәтижесі мен салдары қандай? Пластикалық операция дегенде, көз алдымызға ең алдымен жұрттың алдына көп шығатын шетел әншілері келеді. Қазіргі дамыған медицина адамның он екі мүшесінің қайсысын болсын, қалағанынша не сопайтып, не опайтып бере алады. Алайда, сол пышақ тиген мүшелердің бәрі бірдей кейін жақсы болып кетіп жатқан жоқ.

Пластикалық операциялардың жасалу жолдарын оқып отырсаңыз, кейде тіпті жаның түршігеді. Жалпы, операцияны жасар алдында хирургтер адамға мұның не екенін, қандай жағдайға әкеп соғуы мүмкін екендігін айтып түсіндіруге міндетті. Дененің әр тұсындағы артық майларды кесіп алып тастау, «бүркіт» мұрындарды сүйегін сындыра отырып тегістеу, қыздардың омырауларына силикон деп аталатын химиялық элементті салу арқылы оны шар сияқты етіп үрлеу, әйел босанғаннан кейін қарнындағы артық теріні алып тастау, әжімдерді кетіру үшін бет терісін бір шетінен тарттырып тігу немесе тері астындағы бұлшықеттерді орнынан қозғау, т.б. күрделі де қиын операцияларды ойлаудың өзі ауыр.

Силиконмен омырауды өсіру әдісі өткен ғасырдың 60-жылдары алғаш рет АҚШ-та жасалына бастаған екен. Кейін осындай операция жасатқан қыздардың 74 пайызы әртүрлі сүт безі ауруларына шалдығып, қайғылы жағдайларға душар болған көрінеді. Америкада мұндай оталарды жасауға 1992 жылы тыйым салынғанмен, 2006 жылы қайта рұқсат берілді.

Пластикалық операцияны жасатқан «жұлдыздар» жөнінде сөз қозғалғанда, ең алдымен, ауызға ілігетіні әйгілі әнші Майкл Джексон екені рас. Мәліметтер бойынша, ол шамамен 10 рет пластикалық хирург үстеліне жатқан. Бірнеше мәрте өзінің бет-әлпетін «қорлаудың» кесірінен ұсқыны не еркек, не әйел екені ажырағысыз күйге түсті. Дұрысын айтқанда, Майкл Джексон қара өңді еркектен гөрі, ақ өңді сүйкімсіз әйелге көбірек ұқсайтын-ды.

Әйгілі американ әншісі бүкіл жастық шағын қара өңді күйінде өткізді. 1980-жылдары оның әндері бүкіл әлемге тарап, атағы дүрілдеп тұрған еді. 1982 жылдан кейін оның терісі кенеттен ағара бастады. Алғашында Майкл бұны витилиго дейтін аурудың салдарынан деп түсіндірген. Алайда, кейін әншінің пластикалық операциялар жасатқаны жария етілді.

Ол соңғы жылдары ән айту үшін халық алдына шыға бермейтін болды. Өйткені, «мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылғандықтан», өзін жұрт назарынан тасада ұстауға тырысатын. Бет-жүзіне бірнеше операция жасатқанының кесірінен, көздері сүйкімсіз болып кеткен, сондықтан ол қайда барса да көзілдірігін тастамайтын. Ал Буратиноға ұқсайтын мұрнының ішіне арнайы тіреуіш салып жүреді екен. Өйткені, оны алып тастаса, үшкір мұрны салбырап қалатын көрінеді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Еуропада жоғары білім Қазақстаннан арзан - Талғат Нәрікбаев
Танымал американ әртісі Мэрилен Монро мұрнына пластикалық операция жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырағандардың бірі. Ресей әншісі Людмила Гурченко да 70-ке келген шағында ринопластика (яғни мұрын операциясы) жасатуға бел буған еді. Алайда, кейін ол бұдан опық жеді. Кәрі адамның мұрнындағы тыртығы тегіс жазылып кетпей, тіпті қалың етіп бояу жаққанның өзінде ол анық көрініп тұратын болды.

Міне, мұның бәрі байыбына бармай жатып істелген пластикалық операцияның нәтижесі. Бұған тым құмар жандар осы оқиғаларға қарап сабақ алса болады. Өйткені, пластикалық операцияны жасатқаның үшін сен ақша төлеп қана қоймайсың, кейін денсаулығыңды да «төлеуге» тура келуі ғажап емес.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, көп адамдар пластикалық операцияны қартаюға тосқауыл қою үшін де жасатады, яғни олар уақыт шіркінді «тоқтатқысы» келеді. Бірақ, ол қартаюға мүлдем тосқауыл қоймайтыны белгілі. Мәселен, беттегі әжімдерді теріні тарттыру арқылы кетіретінін айттық, алайда, ол бар болғаны 3-4 жыл ғана әжімсіз жүреді де, сосын қайтадан терісі қыртыстана бастайды.

Өйткені, бұл емдеу емес, жай көзбояушылық қана. Ал, егер тері астындағы бұлшықеттерді қозғау арқылы әжімді кетірсе, мұның нәтижесі әрі кетсе 15 жылға дейін созылатынын айтады мамандар. Сол сияқты силиконмен омырауды өсіру де, аяқты бұлшықеттерін тарттыру арқылы түзету де, басқа да көптеген операциялар түрлері тек уақытша дүниелер.

Әрине, бүгінгі таңда соңғы үлгідегі медицинаның көмегімен, мұндай оталарды денеге аз зақым келтіре отырып және пышақтың тигенін білдіртпей жасау ісі жетілу үстінде. Өйткені, пластикалық операциялар қазір әлемдегі нағыз бизнестің көзі болып алды.

Мәселен, АҚШ-тың өзінде жылына шамамен 1,5 миллион адам әртүрлі деңгейдегі пластоперацияларды жасатады екен. Жалпы алғанда, американдықтар бұған жылына 7 миллиард долларды шығындайды. «Сұлулық әлемді құтқарады» деп, ақшасы барлар пластикалық операция үшін осыншама көк қағаздарын шашумен әлек.

Денеге сурет салу (яғни татуировка) да осындай тірліктердің бір түрі. Турасын айтқанда, бұл &ndash харам тірлік. Бұған қатысты жоғарыда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисін келтіріп өттік. Адамның тәні &ndash бізге берілген Алланың аманаты. Оған шимайлап сурет салу &ndash аманатқа қиянат жасау.

Татуировка &ndash Тынық мұхитындағы сансыз аралдарды мекендейтін аборигендердің «татау» (яғни, сурет) деген сөзінен шыққан. Бұны ғылыми айналымға енгізген &ndash әйгілі саяхатшы Джеймс Кук деседі. Аборигендер Американың үндістері секілді үстеріне небір шашақтарды тағып, терілерін тесіп сурет салатын болған. Міне, бүгінгі «өркениетті» адамдардың (атақты әншілер, әртістер, спортшылар, т.б.) денелерін татуировкалап жүргені &ndash сол ортағасырлық жабайы халықтардың «татаулары».

Мамандардың айтуынша, татуировакалардың қандай түрі болмасын денеге зиян. Өйткені, оның бояуының құрамында денатурат (спирт түрі), метил спирті, этиленгликоль, альдегидтер, т.б. зақым туғызғыш заттар болады. Егер сурет салынған теріге күннен қорғайтын кремдер, ауруды басатын дәрілер жақса, синтетикалық киімдер кисе, кейбір косметика түрлерін жақса, ол өмір бойына аллергия беруі мүмкін.

Татуировканың көлемі үлкен болған сайын, оның залалы да соншалық мол. Суретті инемен шаншу арқылы салатындықтан, бұдан теріге зақым келеді. Сурет салынған жердегі тері өз қызметін атқармай қалуы да мүмкін. Бұл әртүрлі тері ауруларының туындауына себепші болады. Сондықтан, татуировкаға Ислам дінінде қатаң тыйым салынған.

Әрине, жоғарыда айтқанымыздай, пластикалық операциялардың бәріне бірдей күйе жағып, харамға жатқызудан аулақпыз. Олардың пайдалылары да бар екенін тілге тиек еттік. Тек көпшіліктің назарын аударту үшін дене мүшелерін пышаққа іліктіретіндердің ісін мүлдем құптауға болмайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда да пластикалық операциялар көптеп жасалынады. Дегенмен, олардың қауіпті екендігін, сәл ғана қателіктің құны орасан болатынын халыққа, әсіресе, жастар қауымына көбірек уағыздау міндетті.

Қасиетті Құранда: «Сөз жоқ, мен сенің пенделеріңнің мәлім бөлігін игеремін,- деді шайтан. Сөйтіп, оларды аздырамын, құрғақ қиял қудырамын&hellip Құдай жаратқан нәрселерді міндетті түрде өзгертіңдер деп әмір етемін,- деді», &ndash деген аяттар бар (4:118-119).

Тек мүсінін сұлулау үшін ғана пластикалық операция үстеліне жататындардың әрекетін де құрғақ қиял қуу мен көзбояушылық демеуге амал жоқ. Құранда айтылғандай, бұл &ndash шайтанның әміріне бағынушылық екені анық.

«Сонан соң, міне, сол Күнде, әлбетте, нығметтер туралы жауапкер боласыңдар» («Тәкәсүр» сүресі, 8-аят), &ndash деген Алла тағаланың ескертуін есте ұстайық, ағайын!

Мұхаммед ӘЛИ

kazislam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста