«Адамдарға қажетті өмір сабақтары қандай?»,- деген сұраққа бір Данышпан адам төмендегідей жауап берген екен:
*Адамдар біліп жүрсін, ешкімді өздерін жақсы көруге мәжбүрлей алмайды, қолдарынан бар келетіні өзін басқалар үшін сүйікті ету.
*Адамдар өздерін басқалармен салыстырмауды үйренсін.
*Төзімділік танытып, кешіруді үйренсін. Бар болғаны бірнеше минуттың ішінде жақын адамдарының жанына ауыр жара салатындарын білсін, ал содан кейін оны жазуға көптеген жылдар қажет.
*Ең бай адам дүние-мүлкі көп адам емес, азға қанағат еткен адам екенін білсін.
*Адамдар өздерін қатты жақсы көретін адамдар бар екенін білсін, бірақ олар өз сезімдерін қалай жеткізуді білмейді.
*Екі адам бір затты көре алатынын білсін, бірақ олар оны әр түрлі пішінде көреді.
*Адамдардың бірі басқаны кешіре алатынын білсін, ол уақытта оның өзі басқаның кешіріміне мұқтаж.
*Адамдарды балалық шақ ығыр етеді, олар есеюге асығады, кейін қайтадан балалық шағын сағынады.
*Адамдар дүние байлығын жинау үшін денсаулығын құртады, содан кейін байлығын денсаулығын қайтару үшін шашады.
*Адамдар болашағын ұйымдап, соған қам жасап жүріп, бүгінгі күнін ұмытып кетеді. Нәтижесінде не бүгінгі күнмен, не болашақпен өмір сүрмейді.
*Адамдар мәңгі өлмейтіндей өмір сүреді, ал дүниеден қайтарда ешқашан өмір сүрмегендей қоштасады.