Aлла Tағала жаратқан алғашқы кісі – Адам алейһис-сәлам, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Пайғамбарлардың әуелгісі Адам (алейһис-сәлам), ал ақырғысы Mұхаммед (с.а.у.)” (Кәнз ул-уммал)
Aлла Tағала жаратқан алғашқы кісі – Адам алейһис-сәлам. Алла Тағала Адамды (a.с.) жаратуды мақсат қылғанда Әзірейілді (a.с.) жіберіп жер бетінен жеті өңірден топырақ алғызған. Сосын Жәбірейіл алейһис-сәламды жіберіп 40 күн ол топырақты илеп, қамыр секілді қылуды бұйырады. Сонан соң Алла Тағала оған ең келісті пішін беріп, рух үрлеп тірілткен және оны өзінің тегінің тарайтын адамдарға пайғамбар қылған.
Алла Тағала Адамды жәннатқа кіргізіп, жәннат киімін кигізіп, мол нығмет берген. Және әр нығметті берген сайын, “Осы нығметке қанағат етесің бе?” деп сұраған. Ал ол “қанағат таппадым, уа, Раббым” дейді. Aлла Tағала Адам алейһис-сәламның сол қабырғасынан Хауа анамызды жаратқанда, Адам (a.с.) көзін ашып қарап, жанында сүйкімді біреу отырғанын көреді. Сөйтіп онымен сөйлесіп, тіл табысқан соң; Хақ Tағала тағы сұрайды: “Уа, Адам, бұл нығмет қалай екен?” Oл “Уа, Раббым! Есепсіз нығметіңнің ішіне баттым. Ал мына нығметіңді бәрінен артық көрдім және онымен қанағат қылдым” дейді.
Бұдан кейін Алла Тағала оларға “Жәннатта болыңдар, нығметтің бәрін пайдаланыңдар, жылғыз мына ағашқа жақындаушы болмаңдар, одан жеп маған шықпаңдар!” деп бұйырады. Олар Алланың бұл бұйрығын орындап, тура мың жыл жәннатта өмір сүрген. Бірақ бұл аралықта Адам алейһис-сәлам мен Хауа анамыз шайтанның уәсуәсәсына еріп, тыйым салынған ағаш жемісінен жеп, өкініп, тәубе етеді. Тәубелері қабыл болады, алайда екеуі де жәннаттан шығарылып, жер бетіне түседі.
Адам (a.с.) Үндістанда биік тау үстіне түскен. Екі жүз жыл сол тауда жылап тәубе етумен болған. Кейін Хауа анамызбен Арафат тауында қауышуға қол жеткізеді. Адам мен Хауа бұдан кейін Шам тарапына барып, ол жақта бес жүз жыл өмір сүрген. Әбіл мен Қабыл дүниеге келген соң, Үндістан жаққа оралады. Жастары мыңға жеткенде Адам (a.с.) Серендип (Шри-Ланка) аралында, 40 жылдан кейін Хауа анамыз Жиддәда дүние салған.