Сауд Арабиясы билігі енгізген жаңа ереже бойынша, енді 45-жасқа толмаған әйелдерге жалғыз жүріп қажалық жасауға тыйым салынады. Белгіленген жасқа жетпеген әйелдер қасиетті сапарға жұбайымен, болмаса әкесі не аға-інісімен келуіне болады.
Аталмыш шектеу қажылар санының қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін. Бұл жағдайға Бахрейн билігі ерекше алаңдаушылық танытып отыр. Олардың айтуынша, соңғы 9 айдағы көрсеткіштермен салыстырғанда, қажылар саны едәуір азайған.