Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілтеме жасап.
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.
Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.