Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», -делінген құжатта.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Кореяға сапары кезінде Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылдағанын жеткізген. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев сол елдің Президенті Мун Чжэ Инмен келіссөз жүргізіп, екі елдің президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізген.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Сеулдағы Кибер университеттің аумағында орнатылған ұлы ақын Абай бюстінің ашылу рәсіміне қатысқан.
aikyn.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жарлыққа қол қойды
Читайте также
Әнұранның шырқалу үлгісін Мәжіліс қашан бекітеді?
Президент Әкімшілігі мен терминком құптаған әскери сәлемдесу үлгісіне неге салғырт қарап жүрміз?
Қызылорда атауын өзгертетін уақыт жетті
Тараз топан су астында қалуы мүмкін
Марқакөл ауданы қайта құрылса
Тағы да жер сілкінсе Қарағанды жер астына түсіп кетпей ме?
Последние статьи автора