«Ұнатамын мен сені» (Мектеп оқушыларына арналып Табылды Досымовтың өлеңдеріне жазылған әдеби қойылым)

  • 52

Жатақхана дәлізі. Кешкілік кез. Ортаға студенттер Т. Досымовтың «Ұнатамын мен сені» әнімен жинала бастайды.
Темірлан (Жасұланға қалжыңдап): Филфак, журфак бір туған, ал истфакты кім туған? Сен неге келгенсің, өздеріңнің жатақханаларың жетпей ме? Әлде біз сияқты қызықты кештер өтпей ме?
Зульфия: Тарихта ненің қызығы? Тас дәуірі, қола дәуірі деп отырғанда, студенттік кездері де өте шығады.(Бәрі күледі)
Жасұлан:(сәл қызарақтап) Сендер көрген қызықты тең бөлісейін деп, кейбір жандармен көрісейін деп...
Найзабек: (арашаға түсіп) Ау, жігіттер, көрші отырып, есігімізден тарихшыларды қаратпасақ, қазақтығымызға сын емес пе?
Айболат: Кезінде Табылды Досымов та «Желтоқсан оқиғасына» қатысып, «Мен қазақпын» деп ұрандап, дүйім жұртқа елдігімізді танытқан ғой.
Аяжан: Оқышы соны, Айболат!
(Айболат «Желтоқсандағы жыр» өлеңін арындап оқып кетеді)
– Өй, жарайсың!
– Нағыз қазақ екен!
Ақбота: Жігіттер, қазір комендант келіп қалады да, ән айта алмай қаламыз! Ән айтайықшы тездетіп...
Мұратбек: Қыздар айтса, бізге - заң!
(Гитара ойналып, Табылды Досымовтың «Астананың аруы» әні шырқалады.)
Ақ дидарың-ай сенің, ақ дидарың-ай,
Сезесің бе кеудемде от күй барын, еркем-ай?
Жүрегімді сен неге көп қинадың-ай,
Ақ дидарың-ай!

Данияр: Табыл ағам біз айтатын сөздің бәрін айтып кетсе керек!
Найзабек: Айтып кеткені рас.
...Болмысты кезіп байқасаң, жаймен аңғарып,
Дүние –жалған, ақылмен ойлағанға анық.
Қай тентегіне тектілік танытар дейсің,
Махамбетінің басымен ойнаған халық!
– депті ғой «Қыршын ақынға» өлеңінде.
Жасұлан: Құдіретті жыр екен! (Ойланғандай басын шайқап кетеді)
Амангүл: Оның жырлары кімді болса да бейжай қалдырмас. «Мойындату» өлеңін тыңдаңыз.(Беріле өлең оқи жөнеледі.)
Аяжан: Атырауға неге кетіп қалды екен? Әйтпесе Алматыда жүріп , талай биікке шығар еді.
Темірлан: Атырауға ата-анасының жалғызы болғасын кетті де.
Жаңбыр жауса, қататындай Алматы үн
(Көкірегіне қалдырыпты мәңгі атын.)
Мұңданады туған жерден кете алмай,
Тұлданады жетеріне жете алмай,
Шырмалады жер-шідерге сорлы ақын.
Алматысыз жетпейтіндей бірдеңе,
Қайғы-құмда қайырлаулы жыр-кеме.
Тума-бауыр тапса-дағы көңілін
Торығумен өткізуде өмірін
Туған ауыл дейтін « ұлы» түрмеде...
Арман ойы болғанменен мәңгі ұлы,
Алматымен тоқайласпай тағдыры.
Кеселі көп, нөсері жоқ өлкеде
Сағыныштан жан-жүрегі өртене
Жанарының тыйылмайды жаңбыры.
..
Меруерт: Ол – қазақтың бард ақыны, Владимир Высоцкий тәрізді көкті тілгілеп айтқан. Өмірінің қысқалығы болмаса, артына мол мұра қалдырғаны анық. «Тағы да қаламыма сайтан сарып,
Бір өлең жаза алмадым сойқан салып.
Жеріген төсегінен жезөкшедей,
Келмеді бүгін тағы сайқал шабыт.
Бір өлең жаза алмадым бүгін емге,
Түгі жоқ бедеу түннен түңілем бе?
Кез болып қала ма деп шабыт сені
Іздедім бөтелкенің түбінен де.
Шалдығып, шарап ішіп басы ауырған,
Шайырды емдер болсаң, бүгін емде!..»

Данияр: Достар, оның достары кім болғанын білесіңдер ме? Қазір барлығы да бір-бір тұлға: Бауыржан Үсенов, Бауыржан Омаров, Бауыржан Жақыпов, Серік Жанболатов, Жұмабай Құлиев, Махмұт Қосмамбетов, Құлтөлеу Мұқаш, Арман Сқабыл, Светқали Нұржанов, Гүлнар Салықбаева, Бекжігіт Сердәлі, Әбубәкір Смайылов, Мұратбек Дүйсенбеков сияқты азаматтар.

Ақбота: Иманғали Тасмағамбетов те оған дос болыпты. 

Айболат: Атырауда облыс әкімі болған кезде Табылдың өнеріне тәнті боп, екінің бірінің қолына түсе бермейтін гитара сыйлаған екен. Табыл ағамыз оны «сүлік қара» атандырыпты.
Зульфия: Гитара демекші, Табыл аға арнайы Ұлытауға іздеп барып, тұңғыш гитарист Қорабай Есеновтен бата алған екен. Бұрынғы сал-серілердей, әндері де өршіл, өлеңдері де биік рухты. Табыл-жырау деп те айтады. Сәуегей ме дерсің, өз өлімін өзі сезгендей , «Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам» депті ғой.
Найзабек: Ол көп өлеңінде өлім туралы айтады. «Бұл өмірге қонақпыз» дегенді жиі аңғартады.Өзінің досы Бауыржан Үсенов дүниеден өткенде былай деген екен.
Мәңгі бақи мекенімді табу үшін Дендерден,
Мен де бір күн кетер ме екем бақұлдасып сендермен.
Махаббаттың жыршысымен қалу үшін қоштасып,
Қабіріме келер мүмкін қос ғашық.
Достар, сонда қабіріме келмеңдер!
Тірілерді танымайды өлгендер!
Тауым қайтып орындалмас опасы жоқ арманнан,
Мен де бір күн жоғалармын мынау жәләп жалғаннан.
Мендік жүрек сөнер ме екен , өлер ме екен мәңгілік,
Талай сеніп, талай рет алданған,
Достар, босқа көз салмаңдар табытқа.
Мен сендерді күтем ылғи тамұқта!

Жасұлан: 45 жастың бір құпиясы бар ма, қалай? Кезінде Махамбет те, Мұқағали да, Табыл да осы жаста қаза тауып отыр. Тағдыр ма?
Аяжан: Бұл сұрақтарды болашақтың еншісіне қалдырайық, әнге кезек берейік.
Ақбота: «Күнікей қыз» айтылмаса, сәні бола ма? Мұратбектен сол әнді сұраймын.
(Жастар тағы да дуылдата көтеріп, әнмен тербеледі.Сырттан «Болды. Аяқтаңдар! Қонақтар болса,шығыңдар!»-деген дауыс естіледі)
Найзабек: Амал жоқ. Тәртіпке бағынуға тура келеді. Тарқайық.
Темірлан: Бұл-жырдың соңы емес. Табыл-жыр әлі шырқалар.
Данияр: Табылша айтқанда:
Үтірмен сені бітірдім,
Бітірмей, жырым, нүктемен.
Бергі жағында нүктенің
Өлең - өмір тұр бітпеген.
... Осылай деуді құп көрдім
Оқырман, сен қой нүктесін.
Адамдық ғұмыр біткен күн
Ақындық ғұмыр бітпесін!

... Ақындық ғұмыр бітпесін !

Жастар «Ұнатамын мен сені» әнін айтып тарай бастайды.

Соңы 

Нұргүл Асанқызы Нөкен

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,  
№40 орта мектеп.

Ақтөбе қаласы


Автор
Последние статьи автора
  • 331
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 472
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста