Құтырма ауруы – аса қауіпті дерт

Құтырма - жануарлардың тістеуінен, тырнауынан, сілекейінен жұғатын, әлемнің 150 астам елдерерінде кездесетін және клиникалық белгілер пайда болғаннан кейін әрдайым өлімге әкелетін қауіпті жұқпалы ауру.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше жыл сайын құтырма ауруынан 60 мың адам көз жұмады және 99% жағдайда құтыру вирусының адамға жұғуы иттерден болады. Құтырмамен ауырған адамдардың 95% -нан астамы Африка мен Азияда елдерінде кездеседі. Құтырма таралуының негізгі көзі – қаңғыбас иттер, мысықтар және жабайы жануарлар.

Соңғы 5 жылда елімізде 17 адам құтырмамен ауырып қайтыс болды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала - 2. Нұр-Сұлтан қаласында және Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола облыстарында бір адамнан қайтыс болса, Шымкент қаласында – 6 адам, ал Түркістан облысында –7 адам қайтыс болды.  

Қайтыс болған 17 адамда үй жануарларынан жұқтыру 88,2%-ды және жабайы жануарлардан жұқтыру 11,8%-ды құрады.

Құтырма - бұл вакцинамен алдын алуға болатын індет. Яғни үй және ауыл шаруашылығы жануарларларын құтырма ауруына қарсы екпе жұмыстарын жүргізу - бұл адамдарда құтырудың алдын алудың ең тиімді әдісі. Вакцинациялау құтырмадан өлім-жітімді азайтады.

Тұрғындар үшін иттердің және мысықтардың мінез-құлқын қадағалау, үй жануарларына жауапкершілікпен қарау және олардан зардап шеккеннен кейін медициналық көмекке жүгіну маңызды.

Алғашқы медициналық көмек кем дегенде 15 минут ішінде жараны сабынды сумен мұқият жуу және де тез арада дәрігерге көріну. Егер сілекей адамның көзіне түскендей болса, онда көзді жылы судың ағынымен мұқият жуу.

Ауру белгісі үй немесе жабайы жануарлардан жарақат алғаннан соң 10 күн мен 1 жыл және 1 жылдан аса уақыт аралығында байқалады, көбіне 20 - 60 күннің ішінде адамда құтырма белгілері анықталады. Құтырманың алғашқы белгілеріне дене қызуының көтерілуі, ауырсыну және жарақат орнында шаншу сезімдері жатады. Құтырмамен ауыратын адамдарда гиперактивтілік белгілері және гидрофобия (судан қорқу), аэрофобия (ауадан қорқу) пайда болады.

Құтырма ауруының алдын алуға келесі шаралар жатады:

-         жанасудан кейін мүмкіндігінше тез арада жараны көп мөлшерде сабынды сумен жуу;

-         тиімді құтырмаға қарсы антирабиялық вакцинамен иммундау курсын қабылдау;

-         қажеттілігіне қарай, антирабиялық иммуноглобулинді енгізу.

Құтырма ауруы қауіпіне ұшырағаннан кейін көп ұзамай тиімді медициналық көмек ауру белгілері мен өлімнің пайда болуына жол бермейді.

Қазіргі кезде көрсетілетін антирабиялық көмектің (арнайы иммуноглобулин мен вакцина) бұл аурудың алдын алу үшін тигізетін  себебі мол. Құтырмамен негізінен антирабиялық көмек алмағандар, немесе оны толық көлемде алмағандар ғана ауырады.

Құтырма ауруымен ауырмас үшін адам не істеу керек?

Жануарлардан зардап шеккен немесе жануарлардың сілекейі денесіне тиген адам уақытында медициналық көмек алу керек. Ауруды болдырмауға бағытталған шараларды, екпе жұмыстарын өз бетімен тоқтатуға, немесе медицина қызметкерлері белгілеген тәртіпті (алкогольді сусындар ішу және ащы тағамдар жеу) бұзуға болмайды, мұндай жағдай орын алса, жүргізілген емдік шаралардың пайдасы болмайды.

Негізінен ауруды тарататындар көбінесе иттер болғандықтан, иесіз үй жануарларының (ит, мысық) санын азайту жұмыстарын қолға алу керек. Ал, үйде ұсталатын иттер мен мысықтар есепке алынып, олар жыл сайын құтырмаға қарсы егілуі керек және ауыра қалған жағдайда, оларды мал дәрігерлеріне көрсетіп, тексерту қажет.        

Естеріңізде болсын: құтырма ауруының алдын алуға болады!

 

А. Құлшағазиев,

«Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама

және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы»

филиалының аса қауіпті ауруларды мониторингілеу

бөлімінің дәрігер эпидемиологы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста