Педиатр балалар үшін ең зиянды тәттілерді атады

  • 26

Дәрігер-педиатр Елена Игринева балалар үшін ең зиянды тәттілерді атады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі RT басылымына сілтеме жасап жазды.

Елена Игриневаның айтуынша, тәттілердің ең нашары – мұз кәмпиттер, иристер және шайнайтын кәмпиттер.

 

"Олар баяу ериді және тіске жабысып қалатындықтан эмальдың бұзылуына және кариестің дамуына әкелуі мүмкін. Оларды табиғи жеміс-жидек шикізатынан жасалған пайдалы аналогтармен алмастыру керек. Оған мармелад, зефир және пастила жатады", - дейді дәрігер.

 

Педиатр бала тәттіні көп жесе, онда аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін екенін де ескертті.

 

Оның сөзінше, орта есеппен мектеп жасына дейінгі балаға бір күнде денсаулығына зияны жоқ тәттінің бір түрін жеуге болады. Оларға шоколадты екі кәмпит, мармеладтың екі кесегі, бір вафли, зефир немесе пастила жатады.

 

Сонымен қатар Елена Игринева семіздікке ұшыраған немесе атопиялық дерматит және қант диабеті бар балаларға тәттіден бас тартуға немесе шектеуге кеңес береді.

 

Тәттіні жидектермен, көкөністермен, жемістермен, жаңғақтармен және сүт өнімдерімен алмастырған абзал дейді маман.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
  • 331
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 472
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста