«Жыл толды ұлы жүрек тоқтағалы...»

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универси­тетінде қазақ поэзиясының қыра­ны Қадыр Мырза-Әлиді еске алу, поэзиясына құрмет көр­сету мақсатында «Жыл толды ұлы жүрек тоқтағалы» атты әде­би-танымдық поэзия кеші өтті.
Ақынға арналған поэзия кешін аш­қан университетіміздің ректоры, академик А.Иман­ғалиев Қадыр аға туралы өз ойын ортаға салды: «Ақын болу, оның ішінде көпшіліктің көзіне түскен, жамағаттың назарын өзіне бұрған, үнемі жұртшылықтың тыныс-тіршілігімен бірге тыныстай алатын ақын болу қандай қиын. Қадыр ағамыздың ақындық соқпағында жырқұмар қауымның көңілін суытқан кезі болған жоқ. Ол – өз оқырмандарын жыл өткен сайын, жинақ­тан-жинаққа өрлеген сайын қуантумен келе жатқан исі қазақ поэзиясындағы тағ­ды­ры дара тұлға. Бұған дәлел – оның бүкіл ақын­дық әлемі, әр жылдары туған түйдек-түйдек жырлары».
Кеш басында «Ақжайықтың Қадыры», «бар қазақтың Қадыры» атанған ақын аға­мыздың Ақжайыққа келген соңғы сапарынан фильм көрсетілді. Жырсүйер өнерлі өрендер Қадыр ағамыздың шығар­ма­шы­лығынан өлеңдерін оқып, әдеби композиция жасап, әнші-термеші студенттеріміз ақын сөзіне жазылған әндерін орындап кеш сәнін келтірді. Ақын ағамызды еске алу кешіне ақын-жазушылар: Ақұштап Бақ­ты­гереева, Ғайса-Ғали Сейтақ, Базар­ғали Қуатов, Мира Шү­йін­ішалиева, Рашит Шақу, Мұнайдар Балмолдалар шақырыл­ды. «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған Ақұштап апамыз ақын ағасы туралы есте­ліктерін айтып, ақынға арналған өлеңдерін оқып берді. Алатау баурайынан арнайы келген Қадыр Мырза-Әли атындағы рес­пуб­ликалық қоғамдық қордың директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажы­мов пен әнші-композитор Гүлнәр Дәу­кеновалар қатысып, ақын туралы есте­лік­терін айтып, жыр-шашуларын жолдады. Рес­публикалық, халықаралық конкурс­тар­дың лауреаты, дәстүрлі әнші Ажар Сейтенова да ақын сөзіне жазылған әндерді нақы­шына келтіріп орындап, кеш қонақ­тары, зиялы қауым өкілдері ақын жайында өз естеліктерімен бөлісті.
Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА, БҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры, баспасөз хатшысы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста