Жүрек жанары сөнбеген зағип әнші

Жүрек жанары сөнбеген зағип әнші

Сыр өңіріндегі Қазалы ауданының жұртшылығы жергілікті өнерпаз Серікбол Шайықов атты жасөспірімді жақсы таниды. Жарық дүние нұрын көре алмаса да, жүрек көзі сөнбеген өнерлі жанның жігерлілігі талайды қайран қалдырары хақ. Серікболдың баян аспабын сызылта тартып, құлақ құрышын қандыратын әдемі әуенді шырқай жөнелгенде, оның өнеріне еріксізден қол соғасың.
Өнер иесі бала кезінен зағиптықтың азабын тартып келеді. Алайда оған еш мо­йыған жоқ. Қайта өзін жігер­лен­ді­ріп, үнемі ізденіске түсе­ді. Халық сүйіп тың­дайтын көптеген ән­­дерді шырқауды жан-жақ­ты меңгерген ол ән­нің әрбір иі­рі­мін нақышына кел­­­тіре орындауға үл­кен мән бе­реді. Осының ар­қа­сында өнер­сүйер қауым оның өрелі ісіне ри­за­шылықпен қарай­ды. Бір қызығы, Се­­рік­бол кө­бінесе өзі шы­ғарған ән­дерді орын­дауға әуес. Қан­шама терең толға­ныс­тың арқасын­да дүниеге кел­ген туын­ды­ла­ры демнің арасында-ақ көп­шіліктің көзайымына айналып жү­ре берді. Аудан­дағы өзі құ­ралпылас мүм­кіндігі шек­­­­теулі бала­лар­дың ән­ұранына ай­нал­­ған “Бәріміз де бір­дейміз” әні тағ­дырлас жан­дар­дың та­мырын тап басты. Содан да бол­са керек, бұл әнді тыңда­ған­да үлкен тебі­ре­ніске түсе­сің.
Серікбол бі­рінші топта­ғы көз мү­гедектігіне қарамас­тан, аудандық му­зы­ка мек­тебіне қабылданған. Бұл жас та­лант­тың өнер көгіне қанаттануына жол сал­ды. Ол өзінің шығармашылық ке­шін өткізіп, көп­шілікке әннен шашу шашты.
Қазалылықтар Шайықов­тар отба­­­сын өнер қонған әулет деп баға­лай­ды. Се­рік­болдың әкесі Сержан аға­мыз – дәрі­герліктен зейнет де­­м­­а­­лы­­­сы­на шық­­­­­­­қаны­мен, қай кезде де қо­лынан домбыраны тас­тамаған жан. Домбы­радан құй­қыл­жыта күй төге жөнел­ген­де кәнігі әртістен бір мыс­қал да кем түс­пейді. Осыдан да бо­лар, әке тәр­биесімен ба­лалары да өнер­­ге жа­қын бо­лып өсті. Сәкеңнің Се­рік­­бол­дан өзге Нұргүл есімді пер­зенті тер­ме айтуда тәмам ел­ді там­сандыра­ды.

Мерей
Өнерінің арқасында Серікбол көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Облыс орталығында өткізілген зағиптар арасындағы “Қуанышым – нұрлы сәулем” атты байқауда қаза­лылық өнерпаз бас бәйгеге ие болды. Республикалық жа­рыстар­дан да олжалы оралды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер фестивалінде екі мәрте топ жарыпты.
Тағы бір байқау – “Жас талантта” да өнері өрге басты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста