«Жұлдыз ауруымен» ауыра қалсаңыз...

Өнерде жаңа талант пайда болса, еңбегіне сүйсініп, оны «жұлдыз» деп мақтанышпен айтып жатамыз. Ал ол қарапайым көпшіліктен бөлініп, өзін халық алдында жүрген адам ретінде сезініп жатса, мұндай кезде оны «жұлдыз» деп кекесінмен, тіпті жеккөрінішпен де әңгіме қыламыз. Бұл біздің «жұлдыз ауруы» дегенді әрқалай түсінетіндігімізді көрсетеді. Ауру мен қалыпты құбылыстың ара-жігі қандай, әрі қарай осы жөнінде.

«Жұлдыз ауруы» деген ұғым шоу-бизнестің дамуымен бірге жаппай кең қолданысқа ие болды. Оған берілетін негізгі анықтаманы қысқартып айтар болсақ, бұл – адамның өзіне-өзі тым жоғары баға беруінің салдарынан оның ортамен қарым-қатынасының бұзылуы, жеке психологиялық кемшіліктерге бой алдыруы. Ал мұндай деңгейге жетпегенде, жұлдыздың әрекеттерін «ауру» деу әділетсіз. Өкінішке қарай, бүгінгі өнер саласында шынымен «жұлдыз ауруымен» ауыратындардың көп екені жасырын емес. Әсіресе  бұл – таланты болмаса да, танымалдығы басым әншілердің бір қасиеті. Психологтардың айтуынша, қазір жұлдыз ауруының кең тарауына бірнеше фактор әсер етіп отыр. Соның бірі – балаларды бесіктен белі шықпай жатып, сахна мәдениетіне араластыру. Еңбек пен тәжірибені меңгере қоймаған бала, қанша жерден өнерпаз болса да, өз замандастарынан көш ілгері түскенін сезініп, дандайсу, өзімшілдену сияқты кері тәрбиені бойына сіңіреді.

Әбдуәлі Мәмеділ, психолог:
– «Жұлдыз ауруы» бұл – нарциссизм. Өзін-өзі жақсы көрушілік – осы аурудың ең төменгі сатысы. Мұның ар жағында патология тұр. Әр нәрсенің өзінің шегі бар. Менменсудің де шегі болады. Осыны білмеген кезде адамның жұлдыздық ауруы әбден асқынып кетеді. Әншілердің сахнаға шығуының өзі, «маған қараңдар» деген ниетінің өзі, көрермендердің гүлі мен қошеметіне зәру болуының өзі – «жұлдыз ауруы». Дегенмен мұның да жақсы жағы бар. Өзіндік мені мықты болмаса, өзгеден бұрын өзін қадірлей алмаса, адам көрерменді де бағындыра алмайды, басқа да жетістіктерге жете алмайды.

Жұлдыз ауруының негізгі психологиялық себептері:
• Тұлғалық бейімділік – өзін бала кезден асыра бағалау, кеудемсоқтық;
• Өмірдің басқа салаларында жолы болмаудың салдарынан кемшілікті бүркемелеу;
• Орта тарапынан асыра бағалану немесе мүлдем бағаланбау;
• Бәсекелестікте топ болып емес, дара түрде жеңістерге жету;
• Адамның эмоционалды және кәсіби жетілмеген сәтінде табыс пен мансаптың еш қиындықсыз келуі;
• Билік пен шексіз мүмкіндіктерге қол жеткізу.

Салтанат Қалиева, тележүргізуші:
– Пенде болғандықтан, бұл адамның бәрінің басында болатын шығар. Менде де жұлдыз ауруы болған. Күйеуімнің мамандығы – журналист, ол менің бойымнан осыны уақытында байқап, өзінің ақыл-кеңесімен «симптомдардың» дамуын тоқтатты. Мен алғашқыда оның сөзін құлаққа ілмедім, кейін байқап қарасам, сөзі рас сияқты болды. Сөйтіп, бұл аурудан дер кезінде аман қалдым. Меніңше, жұлдыз ауруынан сақтану үшін әріптестеріңмен қарым-қатынасың жақсы болуы қажет. Әртістің, тележүргізушілердің кемшілігін көрермен де, бастықтар да емес, әріптестері бірінші байқайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста