Жұбанованың тұңғыш күйтабақтары жарық көрді

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазақ музыка мәдениетінің көрнекті қайраткері, талантты композитор Ғазиза Ахмет­қы­зы Жұбанованың шығарма­ларынан тұратын күйтабақтар тұңғыш рет жарық көрді. Бұл игі бастама композитордың 85 жасқа толуына орай ұйым­дастырылып отыр. «Жа­рат­қанның шапағаты», «Бейбітшілік туралы дұға», «Әйелдер аралы» тәрізді атпен жарық көрген үш дискі музыкалық жанрдың алуан түрін қамтыған десек, артық айтқандық емес. Таяуда Алма­тыдағы «Меломан» дүке­нінде өткен тұсаукесерде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова бастаған классикалық музы­ка­ның белгілі майталмандары бас қосты.

Жұбановтардың композиторлық әулетін жалғастырушы Ғазизаның ұлы Әліби Мәмбетовтің айтуынша, Жұбано­ва­ның шығармашылығы сан қырлы музыка­лық жанрға бағытталып, түрлі-түрлі тақы­рыптарды қамтыған. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері композитордың бірде-бір туындысы компакт дискілерде шықпаған. «Біз цифрлық ремастеринг үшін қажетті студиялық жабдықтарды сатып алуға үлкен күш жұмсаудамыз. Осы күні Ғазиза Жұба­нованың жеті шығармасын қалпына кел­тір­дік. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасын таба береді», – дейді Ә.Мәмбетов.
Ғазиза Жұбанова ораториялар, симфо­ниялар, симфониялық поэмалар, опе­ралар, балеттер, концерттер, хорлар, романстар, әндер, камералық-аспаптық туындылар, спектакльдер мен кинофильм­дерге музыка жазды. Өз шығармашылы­ғында ұлттық реңкті сақтай білді. Ал оның қоғамдық жұ­мысы да атанға жүк болар­лықтай салмақты. Ол консерваторияның ректоры (1975-1987 жылдар), Қазақстан Композиторлар ода­ғының төрайымы, КСРО Композиторлар одағының басқарма мүшесі және тағы басқа беделді де белді қызметтерде қайыспай қызмет етті. Ғазиза Жұбанова еліміздің музыкалық оқу орындарының ғылыми-педагогикалық құрамының сапалық дең­гейін көтеруге, кәсіби мамандардың өсіп-жеті­луіне, өнер­паздар еңбегінің дұрыс баға­лануына атсалысты. Қазақ кәсіби музыкасын әлдемдік деңгейге көтерген тұлғаның шәкірттері қазір еліміздің түкпір-түкпірінен табы­лады.     
Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, композитор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының проректоры:
–  Ғазиза Ахметқызы сияқты ұлы тұлғалар мың жылда бір туылар өнер иесі. Ол кісі өзінің ерекше музыкасы­мен, ғылыми еңбектерімен, қоғам­дық жұ­мыс­тарымен, аналық өмірімен, азамат­тық ұстанымымен халықтың мәңгі жадында сақталады. Жұбановтар әулеті – қазақ халқына көп еңбек сіңіріп келе жатқан әулеттердің бірі. Ғазиза Жұба­нова – ұлт мақтанышы. Оның музыкасы қазақ елімен бірге жасай береді.

Қуат ШІЛДЕБАЕВ, композитор, Ғазиза Жұбанованың шәкірті:
– Ғазиза Жұбанованың дискілері жарық көріп жатқанына қуанышты­мын. Бұл баяғыда атқарылуы тиіс шаруа болатын. Артына өшпестей із қалдырған ұстазымыз Алмас Серкебаев, Төлеген Мұхамеджанов сияқты шәкірттер тәр­бие­леді. Ол кісінің жарық көрмей жат­қан шығар­малары әлі де көп. Келешекте барлық туындылары ел-жұртпен қауы­шады деп есептеймін. Ғазиза Жұбанова өте мейірімді, білімді еді. Талантты жастарды бірден танитын. Қара­пайым­­дылығында шек жоқ-тұғын. Бізге туған анамыздай қамқорлық көрсететін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста