Наурыз – науа сезімдерге толы, бұл айда нәрік гүл атып, нағыз тіршіліктің қарбалас кезеңі басталады.
Қаперге!
Поэзия күні 1999 жылы өткен ЮНЕСКО бас конференциясының ХХХ сессиясындағы шешімі бойынша жыл сайын дүниежүзілік деңгейде аталып келеді. ЮНЕСКО мәдениеттің мәнді тетігі ретіндегі поэзияны дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударуда. Осылайша, қасиетті сөз өнерін жетілдіре түсуге жол ашылды.
Ақтау қаласында бұл мереке екінші рет тойлануда. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжениринг университеті студенттерінің ұйымдастыруымен өткен поэзия кешіне «Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестіктерінің жас ақындары атсалысты. Жандос Демесінов, Райхан Қуанышева, Еділ Бекмұратов, Айгүл Талыс, Бақтыбай Жайлау, Гүлсім Дүйсенбай секілді «жанартаулық» жас ақындар өлеңдерін оқып, жыр тыңдалды. «Адамзат жүрегінің патшалығы – поэзия кешінің барынша белсенді өтуіне негізгі мұрындық болған жатақхана меңгерушісі Ғалия Тәжіғалиеваның еңбегі зор», – деді университеттің баспасөз хатшысы Бақтыбай Жайлауов кеш барысында. Сондай-ақ бұл отырыста Бейсенбек Балшықбаев, Тоғжан Ақбораева сынды студент жастардың қауырсын жырлары көптің назарына ұсынылды.