Өнер иесінің қалауы ұйғыр ұлтының қызына түскен, деп хабарлайды «Алғашқы» бағдарламасына сілтеме жасаған Caravan.kz.
Актер бағдарлама барысында әйелінен бүгінде бес перзент сүйіп отырғанын жасырмаған.
«Жұбайдан жолы болған жігіттердің бірімін. Әртістік өміріме шыдайтын бір адам болса, осы жұбайым шығар деп ойлаймын. Ұлты қазақ емес, ұйғыр. Бірақ шешесі — қазақ, отбасымен барлығы қазақша сөйлейді. Қазақ мектебінде оқыған. Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ та берген. Жаны қазақ. Бес баланың әкесімін.Қандай ұлт өкілі болмасын, мұсылманның қызынан алып, мұсылманның жігітіне тиіп жатса, қатты бір қарсылығым жоқ. Бірақ дей тұрғанмен өзіміздің қазақтан алған дұрыс қой», — деді ол.
Көпшілік актердің бұл шешіміне құрмет көрсетіп, олардың отбасына бақыт тілеген.
«Жарасымды жұп, неше жыл бірге тұрып жатырсыздар, елдің сөзін қайтесіздер? Бастысы бақыттың болыңыздар», «Қазақ қызына қатты ұқсайты екен», «Әдемі отбасы, әдемі жұп, бақытты болыңыздар» деп жазды олар.
Caravan.kz.