Елбасы тапсырған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жаңаөзен қаласында биыл бірқатар шаралар атқарылуда. Жаңаөзен қаласында 280 орындық жаңа балабақша құрылысы басталды.
Сондай-ақ өкпе ауруына шалдыққан бүлдіршіндер мен жарымжан балалар үшін де жаңа балабақшалар салынып жатыр. 130 мың тұрғыны бар Жаңаөзен үшін балабақшаға деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Бүгінде 11 балабақшада 3000 бүлдіршін болса, тағы 6000 сәби кезекте тұр.
Осыған орай, Жаңаөзен қаласынан үш кәсіпкерден жаңадан ақылы және шағын балабақшалар ашуға ұсыныс түсіп отыр.
Қазіргі таңда облыс бойынша 75 балабақша жұмыс істейді. Бұл балалардың 35 пайызын ғана қамтиды, қалған 70 пайызын осы жылдың аяғына дейін толтыру көзделіп отыр. 11 мектепке дейінгі мекемені кері қайтару жұмысы және де 13 ақылы балабақша салу жоспарланған.