Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң тарих факультетiнде Археология және этнология ғылыми-зерттеу орталығының тұсаукесер рәсiмi өттi.
Салтанат барысында археология және этнология саласында жұмыс iстеп жүрген өзге де ғылыми-зерттеу орталықтары мен ұйымдардың қарым-қатынасын нығайтып, бiрiге жұмыс жасау мәселелерi қарастырылды.
Зерттеу орталығы, негiзiнен, бес бөлiм бойынша жұмыс жасамақ: тас, қола,темiр дәуiрлерi мен ортағасыр археологиясы, қазақ этнографиясы. Мұнда У.Шәлекенов, Ә.Төлеубаев, М.Елеуов, Ж.Таймағамбетов Б.Қалшабаева, А.Тоқтарбай сынды бiлiктi ғалымдар жұмыс атқаратын болады.
Сондай-ақ келген қонақтар университеттiң археологиялық құндылықтар мен археолог-этнографтардың зерттеу жұмыстарынан тұратын көрменi тамашалап, археология және этнология мұражайымен танысуға мүмкiндiк алды.
Сондай-ақ бұл орталық алаш тарихын зерттеушiлер үшiн көп септiгiн тигiзерi анық.
Жаңа тарихи орталық ашылды
Последние статьи автора