Алматыда орын тепкен Ұлттық кітапхананың қоры ресейлік 3 мыңға жуық жаңа басылыммен толығып отыр. Бұл жөнінде Ресейдің «ТМД елдерінің кітапханаларына көмек» бағдарламасын таныстыруға арналған баспасөз мәслихатында мәлім етілді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты нығайту, екі елдің мәдени байланыстарын дамыту мақсатында 2006 жылы көрші мемлекеттің Шетелдердегі мәдени орталықтарды дамытуға көмек беру қоры мен Ұлттық кітапхана арасында келісімшарт жасалған еді. Бұл жобаның бас демеушісі – Ресейдің Мәдениет пен кинематография жөніндегі федералдық агенттігі және Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин қоры. Көрші ел өзінің мемлекеттік құрылымы, халқы, экономикасы, ғылымы, тарихы, мәдениеті және тағы басқалары туралы ақпараттық таралымын кеңейтуді көздеуде.
Қаншайым МҰСАҚЫЗЫ, Ұлттық кітапхананың кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі:
– Біздің Ұлттық кітапханада 6 миллионнан астам басылым бар. Жыл сайынғы әлемдік жаңа кітаптар мен құжаттарға тұрақты қол жеткізуге қаржылық мүмкіндігіміз жоқ. Сондықтан әртүрлі жобалар негізінде кітаптар аламыз. Мысалы, осындай жолмен Ресейден 3 мыңға тарта түрлі тақырыптағы кітаптар жеткізілді. Оның ішінде құнды еңбектер де жоқ емес. Шекара асып келген «Нанотехнология» энциклопедиясы, сөздіктер, ғалымдар мен тарихшылар жөніндегі кітаптардың сапасы мен мазмұны жоғары дәрежеде.
Ұлттық кітапхана қоры толықты
Последние статьи автора