Танымал әзілкеш, актер Дәурен Айдарқұловқа ұл сыйлаған Ақбота Сейітмағамбет әркез жанынан табылған отағасына алғысын жаудырды.
"40-41 аптаға дейін 13 келі қосамын деп ойламаппын.Үйдің есігіне сыймай, ұйқыны қандырған кездерім-ай. Жағдай осылай енді. Енді міне, 01.06.2017 жылы Ибраhим балапанымыз дүние есігін ашты. Аллаға шүкір! Қуанышта да қайғыда да жанымнан табылған отағасына үлкен рақмет", - деп жазды Кешью тобының экс-солисі желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, актер Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығып, елді шулатқан Ақбота Сейітмағамбет жақында ана атанған болатын.