Тұмағаңның тойы туған жерінде өтті

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазақстанның Халық жазушысы, қазақ поэ­зия­сының көрнекті өкілі, лирик ақын Тұманбай Молдағалиев 75 жасқа толды. Осы орайда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік мәдениет үйінде ақынмен кездесу өтті. Салтанатты кездесуге Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов, Қазақ­станның Халық ақыны Мұхтар Шаханов және басқа да елге танымал азаматтар қатысты.
 Біз – жазушыларымызды жадымызға то­­­қып, ақындарымызды жүрегімізбен оқып, шығармаларын шырқау биікке қоя­тын елміз. Өлеңдері арқылы халқымыздың жү­­­регінен терең орын алған Тұманбай Мол­­­да­ғалиевті оқырмандарға та­ныс­ты­ру­дың өзі артық шығар. Кезінде Тұмағаңа қазақ­­тың талай арыстары тамсанып, жы­лы ле­біз­­дерін сыйлаған екен. ХХ ғасырдың көр­некті жа­зушы­ларының бірі Сәбит Мұ­қанов: «Қазақ поэзиясының аспанына жар­қырап шыққан жұлдыздардың бірі – Тұман­бай Мол­да­ға­лиев» десе, ақын Әбділда Тәжі­баев: «Тұман­бай – ақын­ды­ғы­мен қоса, таң­ғажайып адам» деп жо­ғары бағалаған. Биыл ақын 75 жасқа то­луына орай, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов ақынның туған күнін Ал­ма­ты қаласында емес, туған жерінде өткізуді ұйға­рыпты. «Баяғыда елуге келгенімде осы залда ел жиналып, әжеп­тәуір жасқа келген­дей сезініп едім. Осыдан және жиырма бес жыл өтіпті. Үзік-үзік боп жет­піс бесті де тойлап жатырмыз. Осы күнге келгеніме шүкіршілік етемін», – деді сал­та­нат­ты жиында мерейтой иесі. Алма­ты об­лысының әкімі Серік Үмбетов ақын­ға жы­лы лебіздерін арнап, Тұма­ға­мыз­дың 75 жасқа толуына орай, 075 нөмір­лі темір тұл­парды сыйға тартты. Қазақ­стан Жазу­шылар одағы бас­қар­ма­сының төрағасы Нұр­лан Ораза­линнің айтуынша, «ақынның 500-дей өлеңіне ән жазылған. Кезінде Тұман­бай Молдағалиев ағамыздың өлеңдерінсіз жігіт қызға сөз айтпайтын», – деді. Әлі күнге дейін ақын­ның өлеңдерін жат­қа білетін Мұхтар Шаха­нов: «Тұманбай Молдағалиев қазақтың өлең жазу техни­касына жаңалық әкелді. Ақын­­дардың өлең­дерінде кездесетін техникалық ол­қылықты жойып, поэзияға жаңа қы­ры­нан келді» деп ақынға ұзақ ғұмыр тіледі.

Серік ҮМБЕТОВ, Алматы облысының әкімі:
– Кез келген адамның маңдайына жа­зыла бермейтін бақыт болады. Ол – елін, жерін сүйіп, аялай білген аза­матқа хал­қының дән риза пейілі, ыстық ықы­ласы, жан тазалығы, дарындылық сияқ­­ты биік қасиеттері. Бұл сөздерді қазақ поэ­зиясының аса көрнекті өкіл­дерінің бірі Тұман­бай ағамызға қаратып айтуы­мыз­ға болады. Ақын ағамыздың туын­дыларын жыр­сүйер қауым жазбай та­ни­ды. Оқыр­мандар сүйсіне оқиды. Мә­­т­ін мәнді бол­маса, ән шықпайды. Бү­гін­де Жетісу жұрт­шылығы Тұманбай аға­мызды «біздің жер­лесіміз» деп мақтан тұтады. Ақын аға­мызға ұзақ ғұмыр, қазақ халқының терең махаб­ба­тын тілеймін.

Нұрлан ОРАЗАЛИН, Қазақстан Жазу­шы­лар одағы басқармасының төрағасы:
– Тұманбай Молдағалиев – қазақ­тың өлеңін өкпелетпей, жырының жа­на­­ры­на қаяу түсірмей, биіктен-биік­ке кө­теріп келе жатқан санаулы саң­­лақ­та­­рымыздың бірі. Себебі аға­мыз­дың поэ­зия әлемінде жаратқан дүниесі – тұ­тас бір дәуір. Уақыт, заман дейтін ке­ңіс­тікті бай­қататын, өлмейтін өлең­дер­ді тудырған ақын аға­мыз­дың өлең­дері ха­­лықтың мінезін, елдің ма­хаб­ба­тын көрсетеді.

 Мұхтар ШАХАНОВ, Қазақстанның Халық жазушысы:
– Орыс поэзиясы Пушкинге дейін өзі­нің техникалық мәселелерін шешіп ал­ған. Ал қазақ поэзиясы бұл мәселені 1960 жылдардың басында зорға шеш­ті. Оған дейін әртүрлі деңгейдегі ақын­дар болды. Бірақ барлығының өлең­дері тех­никалық проблемаға ұшы­раған еді. Тұман­бай Мол­дағалиев өлең жазу тех­ни­касына ерек­шелік әкеліп, жұрттың наза­рын поэзияға бұра білді. Кезінде аға­­мыздың өлең­дерін жатқа оқыдық. Мен күні бүгінге дейін ағамыз­дың біраз өлең­дерін жатқа білемін. Қаншама жас­тар Тұманбай аға­мыздың өлеңдерін жа­ттап өсті. Осы тұрғыдан кел­генде, Тұман­бай Молда­ға­лиев қазақ жастарын поэзияға тәрбиелеп келе­ді деп айтуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста