Театрлар техникаға зәру

Бүгін Алматы қаласында үш күнге созылған «Қазақстан театрларындағы өзекті мәселелер» атты IX республикалық практикум аяқталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен бұл ғылыми-тәжірибелік конференцияға шетел мамандары, облыстық театр басшылары қатысты.
Қазақтың мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында басталған ғылыми-практикалық коферен­ция жұмысына театр саласының 200-ден аса маманы қатысты. Алматы мен Астанадан, облыстық театрлардан және шетелдерден келген мамандар театр қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын көтеру және жаңа театрлар ашу қажеттігін жиындағы әңгіменің өзегіне айналдырды. Осы орайда мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев театр са­ла­сындағы қордаланған мәселелерді көпші­лік бірігіп шешуі қажеттігін алға тартты.
Бүгінде театрларда бас режиссерлер жетіспейді. Еліміздегі 50 театрдың жетеу­інде қойылымға бояу беріп, жарық­қа шығаратын режиссерлар жоқтың қасы. Бұл мәселеге қатысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әшірбек Сығай театр қойылымдарының көркемдік және жарықпен безендіру технологиясы басты назарда болуы қажеттігін тілге тиек етті.
Практикумға арнайы келген қонақ­тар, театр мамандары тәжірибе алма­суды Лермонтов атындағы ор­ыс драма театрында жалғастырды. Мұн­да шет­елдік мамандар шеберлік сабақ­та­рын өткізді. Ресей Үлкен театры жарық беру саласының бас технологы Елена Дре­валева қойылымның көркемдік бе­зен­дірілу технологиясы жайлы семи­нар өткізді. Үш күн бойы қонақтар Алма­ты театрларындағы қойылымдарды тамаша­лады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста