Белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділова Instagram парақшасына танымал тележүргізуші Айгүл Мүкеймен түскен суретін жүктеп, желі қолданушыларын ойландырып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.
Дизайнер мен тележүргізуші жаңа кафенің ашылу салтанатына барған. Бірақ оқырмандарға бұл жаңалық емес, Айгүл Мүкейдің сырт келбеті маңызды болды. Олар тележүргізушіні екінші сәбиін күтіп жүр деп жобалады.
Сондай-ақ, «Айгүл Мүкей жүкті ме?» деп сұрақтар жаудырып, оған тезірек аман-есен босанып алуды тіледі.
Айта кетейік, Айгүл Мүкейдің 5 жастағы Асанәлі есімді ұлы бар.
Еліміздегі арналарының бірінде тележүргізуші ұлын жасанды ұрықтандыру жолымен дүниеге әкелгенін, баласының әкесімен отбасын құрмағанын, тек араласып тұратынын айтқан болатын.