Тағы бір қазақ әншісі ел алдына жартылай жалаңаш шыққаны үшін сынға қалды. “Жаңа толқын-2015” байқауының 2-орын иегері, әнші Әдемі Түркия көшесімен жартылай жалаңаш күйде жүріп өткен видеосын жариялады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші өзінің дене сымбатын ашық көрсетуден жасқанбайды. Ол бұған дейін де бірнеше рет су киімімен түскен суреттерін елге көрсетіп, ұрыс естіген еді.
Бұдан бөлек, Әдемі төсек қатынасын ашықтан ашық көрсететін фильмде басты рөлді сомдады. Тіпті, сол үшін итальяндық жігітінен ұрыс естіді. Естеріңізде болса, итальяндық әнші Вальтер Риччи Әдеміге үйлену туралы ұсыныс білдірген болатын.
Ал қазіргі уақытта Әдемі Түркия елінде ұлымен бірге демалып жатыр.