Қарашаның 16-сы күні Астана қаласы әкімдігінің Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында жазушы, драматург Қуаныш Жиенбайдың «Таңғажайып планета» фантасмагориясы болды.
Режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Жетінші қойылымға дейін премьера болып есептелетінін ескерсек, жұртшылық алдында туындының тағы бір мәрте тұсауы кесілді дей аламыз.
Қуаныш ЖИЕНБАЙ, автор:
– Астана әлемге танылды. Осы бір жаттанды тіркесті тым көп айтамыз. Біз әлі күнге сұлу қаланың сыртқы сұлулығына тамсанумен келеміз. Мақұл, солай-ақ болсын, бірақ Астана тек көз тоймас көркімен ғана емес, адамдарымен де эталон болуы тиіс қой? Шығарма Астана туралы болғанымен, Астана жайында бірде-бір сөз қозғалмайды. Жаңа планетада өмір сүретін адамдардың жаңа қауымдастығы қатарына ілігуге кім лайық, әңгіме, міне, сол хақында... Аңыз секілді, бірақ ақиқат.
Расында, бір қарағанда ғана Астана секілді көрінгенімен, «жаңа планета» көрерменді одан әлдеқайда терең ойға жетелейді. Тал бойында тозаңның түйіріндей міні бар адамды өткізбейтін «кеден» – таразы. Яғни «шаң басқан ғаламшар жұртын шайып алса ғой, шіркін!» деген автордың арманы тіпті сонау ертедегі Асанқайғы бабамыздың желмаяға мініп, «Жерұйық» іздеп шарқ ұрғанын елестеткендей...
Таңғажайып планета таңғалдырды
Последние статьи автора