Отандық әнші Тамара Асар өзінің есіміне қатысты құпияның бетін ашты. "Түнгі студия" бағдарламасында әнші көпшілік ойлағандай Асар деген тегі еместігін, толық есімінің Тамара Асар екенін айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Бағдарлама жүргізушілерінің бірі "Мен үшін жаңалық болды. Сіздің толық есіміңіз Тамара Асар ғой, иә? Әлеуметтік желіде Тамара - есіміңіз, Асар - тегіңіз деп ойлайды. Толығырақ айтып беріңізші", - деп сұрады.
Ал әнші неліктен есімінің Тамара Асар деп қойылғанын түсіндіріп өтті.
"Атым - Тамара Асар. Себебі, Асар деген атамыздың есімін ешкім тегіне ала алмағасын, менің атымды Тамара Асар қылып қосып жіберген. Менің есімімді алғашында Тамара деп қойып, Асар тегін мүлде алып жүре алмағандықтан атыма Асарды қосқан", - деді Тамара Асар.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тамара Асар 45 жасқа келгенде аяғының ауыр екенін біліп, оны көпшілікке айтуға ұялғанын жеткізді.