Талаптыға жол нұсқаған «Ғалия»…

Талаптыға жол нұсқаған «Ғалия»…

Өткен ғасырдың басында хат танып, қалам ұстаған – татар, башқұрт, қазақ, өзбек, адыгей, әзірбайжан, черкес жастарының «Ғалия» медресесінен білім алмағаны кемде-кем және солардың көпшілігінің кейіннен ұлт мәдениетінің көрнекті өкілдеріне айналғаны да белгілі. Осының өзі – аталмыш оқу орнының халық ағарту ісінде айтарлықтай маңызды рөл атқарғанының бір дәлелі. Жалпы, біз медресе тарихынан не білеміз? Өзге діни оқу орындарынан «Ғалия» несімен ерекшеленді? Мұсылман жастары үшін қандай маңызы болды? «Ғалия» медресесінде білім алған қазақ шәкірттердің ондағы игілікті істерінен бүгінгі қауым қаншалықты хабардар?
Медресе тарихынан бірер сөз
Зерттеушілердің  пікіріне жүгінсек, 1905 жылғы I орыс революциясы Ресей им­периясына қарасты елдердің саяси-әлеу­меттік, мәдени көзқарастарына көп ықпал етіп, соны серпілістер туғызды. Соның бір көрінісі ретінде Исмаил Гаспиринский сияқты қайраткерлердің жұртты тек діни тұрғыда сауат ашып қана қоймай, қазіргі заманға сай білім алуға үндеуін айтуға болады. Профессор Тұрсынбек Кәкішевтің айтуынша, осы жаңа бағытты Ресей импе­риясының қол астындағы мұсылман жұр­тында алғаш рет Зиярдин әл-Камали де­ген ағартушы жүзеге асырады. Сөйтіп, 1906 жылы 7 қазанда С.Жантурина, С.Нә­зіров, Б.Нәзіров, С.Шамғұлов сияқты Уфа миллионерлерінің демеушілігімен «Ғалия» медресесі ашылады. Бірінші жы­лы 70 бала қабылданады және шә­кірт­тер­дің жасы 15 пен 45 аралығын қам­тиды. Бас-аяғы алты жылды құрайтын мед­реседегі оқу мерзімінің алғашқы төрт жылында ақысыз білім берілген де, кейінгі екі жылда шәкірттер оқу, жа­тақ­хана, тамақ ақысы ретінде жылына 60 сомнан төлеп тұрған. Арабшадан ау­дарғанда «ғали» сөзінің «жоғары» деген мағынаны беретінін ескерсек, атал­­мыш білім ұясы, шынымен де, өз атына сай бола білген. Оқытушылардың бірқатары – Түркияда, келесі біреулері  Египетте арнайы маманданған жоғары білімді ұстаздар болған. Медресе сон­дай-ақ өзінің бай кітапханасымен, сол заманға сай жақсы жабдықталған пәндік кабинеттерімен де ерекшеленген. Оқу бағдарламасы бойынша, онда ислам та­рихы мен философиясын, Құранды, Мұ­хам­мед пайғамбардың өмірін оқытып-үйретуге көп маңыз берілген. Сонымен бірге араб, парсы, француз, орыс, татар тілдері оқытылған. Өзге медреселерден ерек­шелігі – «Ғалия» бағдарламасында пси­хология, педагогика, логика, музыка, түркі тілдерінің тарихы, химия және фи­зи­ка пәндері де қамтылған.
Зерттеушілер «медресе қабырғасында еркіндік рухы салтанат құрған» деседі. Яғни әр бейсенбі сайын жастар пікір­са­­йыс өткізіп, онда әртүрлі саяси тақы­рып­тарды талқылап отырған. 1912 жылы шә­кірттер әлдебір мәселелерге орай на­разылықтарын білдіріп, ереуіл ұйым­дастырып, сол үшін тіпті 65-і медреседен шы­ғарылған... 1914 жыл­дан бастап, де­меушілер медресені қаржыландырудан бас тартады. Бірақ ал­дыңғы қатарлы интел­лигенция медресеге мүмкіндігінше қолдау көрсетеді. Ал Зияр­дин әл-Камали болса, осы мақсатта қайы­рым­дылық қо­рын ұйымдастырып, қаржы-қаражат жи­нау үшін басқа қалаларға да шығып тұ­рады. Сөйтіп, білімге құмартқан мұ­сылман жастары 1919 жылға дейін, яғни қашан жа­былып қалғанша, медреседен бі­лім алуды жалғастыра береді...

«Ғалияда» оқыған қазақ жастарының тағылымды істері
«Ғалияның» бір топ қазақ шәкірті «Әліп­пе, яки төте оқу» құралын да өз ана тілімізге ыңғайлап шығарған және елдегі мектептерде балаларды татардың емес, қазақтың оқулықтарымен оқыту ту­ралы талаптар қойған, балаларды ды­быс әдісімен оқыту методикасын жү­йе­леген. Олардың «қазақ балаларын оқы­тып жатқан мұғалімдеріміздің қазақ­ша оқу құралдары бола тұра, ноғай ті­лінде жазылған оқу құралдарын ал­ғы­зып жүргендерін байқаймыз...» деп, со­­ған қарсылықтарын білдіріп жаз­ған мақалалары «Қазақ» газетінде жа­рия­ланған және өз орталарында үлкен қай­шылық туғызған. Тұрсынбек Кәкішевтің пі­кіріне сүйенсек, тіпті мынандай да жағ­дай болған: “Сендер өздеріңе әліппе жа­сап алайық деп жүрсіңдер. Бізде оқып жүрсеңдер де қазақ даласына алақтай қарайсыңдар, біздің оқу-білімімізді өз­де­ріңе ыңғайламақсыңдар. “Ғалия” та­тар медресесі болғандықтан, татар тілі­нен басқаларға жол жоқ” деп, татарды “айрықша жақсы көретін” екі шәкірт медресе оқуханасында жатқан “Садақ” журналының 1913 жылдың күзінде шық­қан екі нөмірін жыртып-жыртып, дәрет­ханаға апарып тастапты. Бұған ызаланған қазақ шәкірттері біраз қызылшеке болып, қол көтерісіп қалған сәті кездесіпті... Жас­­тардың арасындағы осындай ала­уыз­дықтың ушығып кеткендігі сон­ша­лық, медресеге Орынбордан Ах­мет Бай­­­­тұрсынов әдейі барып, татар мен башқұрттың Ғалымжан Ибрагимов, Мә­жит Ғафури сынды зиялыларымен сөй­ле­се оты­рып, татулық орнатады...

«Ғалияның» қазақ шәкірттері
«Ғалияда» білім алған қазақ жастары мен олардың медресе қабырғасында жүріп тындырған игілікті істері жөнінде бізде Тұрсынбек Кәкішевтен басқа жан-жақты зерттеген адам жоқ. Ал профессордың айтуынша, бұл – шын мәнісінде, ден қоярлықтай-ақ тақырып. Неге дейтін болсақ, біріншіден, медреседе татар мен башқұрттан кейін көп оқыған – қазақ жастары. Он екі жыл өмір сүрген жоғары оқу деңгейіндегі медреседен 200-дей қазақ баласы білім алып шығып, қазақ елін ағарту бағытында үлкен істер тындырған. Тарих ғылымының докторы, профессор Хайыржан Бекхожин «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» атты еңбегінде осы жайтқа тоқтала отырып, «Ғалияны» бітірген 154 қазақ шәкіртінің төте оқу мектептерін ашып, бала оқытқаны жөнінде дерек келтірген. «Менің өзіме «Ғалияда» оқыған 79 қазақ баласының есімі белгілі», — дейді Тұрсынбек Кәкішев. Олардың арасында, басқасын айтпағанда, елге танымал тұлғалардан Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, Мәншүктің әкесі Ахмет Мәметов, Ермектің әкесі Бекмұхамет Серкебаевтар бар...
Екіншіден, «Ғалия» қабырғасындағы қазақ жастары «Садақ» атты қолжазба журнал шығарып, оған өздерінің тырнақалды туындыларын беріп отырған. Сонымен бірге «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде де жастардың шығармашылығымен қатар, қоғамдық мәселе көтерген ой-пікір, көзқарастарына да тұрақты орын беріліп тұрған.

Мағжантанушыларға ой-тамызық
Профессор Тұрсынбек Кә­кіш­евтің ай­туынша, 1912 жылғы шәкірт­тер көте­рі­лісіне тап сол кезде “Ғалияда” оқыған Мағ­жан Жұмабаев қатысып қалуы ғажап емес. Өйткені Ғалымжан Ибрагимов сынды озық ойлы жанмен бірге оқыған, жақын таныс болған және сол 1912 жылы өлеңдер жинағы шыққан жас талапкердің қоғамдық-әлеуметтік оқиғадан тыс болуы мүмкін емес еді. Қаншама саналы болса да, қасындағы жора-жолдастарынан қалып қоюға оның ұяты жібермес еді. Екіншіден, медреседен қуылған 65 шәкірттің бірі Мағжан болуы да ықтимал. Қаншама “орыс­жанды” болса да, небәрі бір жыл ғана оқып, Омбыдағы оқытушылар семи­нариясының дайындық курсына “жаңа заманға ыңғайлану талабымен” түсіп еді деу — өте қиын...

Қорыта айтқанда...
«Ғалияда» оқыған қазақ шә­кірттерінің шежіресін та­ра­та берсе қызықты хикаялар суыр­тпақталып шыға береді. Тұр­сынбек Кәкішевтің бұл рет­тегі пікірі ең алдымен, олар­дың 1913-1918 жылда­ры, қолжазба түріндегі “Са­дақ” журналының 40 шақты санын шығару арқылы мә­де­ниетімізге үлкен олжа сый­ла­ғанын айрықша атау қажет дегенге саяды. Сонымен бірге  профессор ағамыз: «Бүгінгі же­телі ұрпақ сол “Садақ” жур­на­лының тап­тырмай жүр­ген 20 шақты са­нына сұ­рау салып, тауып, қазақ мә­дениетіне үлес қосса ғой, шіркін!..» — деген ар­манын жа­сыр­майды...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста