Тағы бір маусым тамам болды

Маусымның 28-і күні Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры кезекті 83 маусымын аяқтайды. Жылдағы дәстүр бойынша «әкемтеатр» маусымы М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» қойылымымен қорытындыланбақшы.

Театр басшылығының айтуынша, аяқ­талғалы отырған маусым театр үшін табысты болды. Жаңа көркем қойылымдар, шығармашылық кеш­тер, мерейтойлар, көрермендермен кез­десулер, гастрольдік сапарлар – биылғы театр маусымының үлкен табысы.
Ең алдымен, жаңа қойылымдарға аз-кем тоқтала кетсек, биылғы театр маусымында көрерменге жол тартқан қойылымдардың бірі – Қазақстан­ның Халық әртісі Е.Обаев пен Қазақстан­ның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Арал­байдың «Үміт үзгім келмейді» дра­масы. Аға ұрпақ тағдырын ар­қау ете отырып, адамгершілік, иман­дылық проблемаларын кө­те­­ре­тін бұл қойылым көпшілік
кө­рер­мен­нің көңілінен шықты. Сон­­­дай-ақ Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кезде­су» драмасы да осы маусымда театр ұжымына айтарлықтай абырой әкел­­ді. Спектакльді Мәдениет жә­не ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұ­хаммед келіп тамашалады. Мә­ре­сіне жетіп қалған маусымдағы тағы бір жаңа қойылымның бірі – «Бәкей қыз» трагедиясы. Бұл туын­ды тарихымыздағы ақтаңдақты то­лықтыра түсетін көрерменін мем­ле­кетшілдікке тәрбиелейтін көркем қойылым болса, қырғыздың белгілі драматургы Мар Баджиевтің «Қыл­мыс» драмасы жастар өміріне ар­налған. Белгілі режиссер Ора­за­лы Ақжарқын-Сәрсенбек ау­­да­­рып, сахналаған туындыда қа­зір­гі қоғамдағы көкейкесті проб­ле­малар жастар өмірі арқылы бей­неленген. Тағы бір атап өтерлік қойылым – Әзірбайжан классигі Үзейір Ғаджибековтың 1913 жы­лы жазылған, әлемдік музыка мәде­ниетінің жауһары саналатын «Аршын мал алан» музыкалық комедиясы. Атал­ған қойылымды Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Тұңғышбай әл-Тарази сах­на­лады.
Театрда қазіргі қазақ драматур­гия­сының озық деген туындылары да түгелдей қойылып келеді. Сондай-ақ театр ұжымы биыл Орал, Ақтөбе қалаларына гастрольдік сапармен ба­рып қайтты.
Театр жыл сайын жаңа қойылым­дардың фестивалін өткізетіні белгілі. Биыл 14-рет өткен өнер мерекесі «Ұлы мәртебелі актер» деп аталды. Театрда осы маусымда Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай әл-Тарази және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рәшида Хаджиеваның 60 жылдық мерейтойлары атап өтіліп, мерейтой иелері көрерменінің ал­дын­да шығармашылық есеп берді. Маусымдық мерейтойларды театр­дың актрисасы, Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Қымбат Ті­леуова мен оның өмір-өнер серігі, Қа­зақстанның еңбек сіңірген әр­тісі Ерік Жолжақсыновтың 50 жыл­дығына арналған «Ғажайып әлем» атты шығармашылық кештері қоры­тындылады.
Жаңа маусымда театрда жаңа қо­йылымдар көп болғай!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста