Шымкент қаласының бас жоспарына сай болашақ әкімшілік-іскерлік орталығында облыстық кітапхананың жаңа ғимараты бой көтерді.
«Нұрсәт» ықшамауданында орналасқан нысанға қазақ даласының бағзыдағы өркениет ошағы Отырар шаһарының есімі берілді. Енді бұл ғимарат облыстық Александр Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана ұжымына берілмек. Бүгінгі таңда 340 мың кітап қоры бар ірі мәдениет ошағы жаңа ғимаратқа жайғасып та үлгерді.
Шәрбану ДІНӘСІЛОВА, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» кітапханасы директорының орынбасары:
– Ғимараттың құрылысы өте жылдам аяқталды. Бір жыл ішінде қолданысқа беріледі деп ойламаған едік. Барлық кітап қорымызды жасақтап, көшіп жатырмыз. Ал кітапхананың «Отырар» деп аталғанына қуанып тұрмын. Бұл ұғым – тарих бетінде жұрнағы қалған қасиетті атау. Өңірдегі зиялы қауым өкілдері келіп, кітапхананың жағдайымен танысып, қуанышымызды бөлісіп жатыр. Бастысы – Шымкентте осындай ірі кітапхана салынғаны мәдениеттің деңгейін көрсетіп береді.
Жоба құны – 700 миллион теңге. Кітапхананың құрылыс жұмыстары өткен жылы тамыз айында басталған болатын. Ал оқырмандар үйінің ресми ашылуы қазан айының 28-іне жоспарланып отыр.
Шымкентте «Отырар» кітапханасы салынды
Последние статьи автора