Шоқанның көзі, қазақ рухының нағыз өзі

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Шығармашылық туын­ды­лары аядай бөлмеден арыға аса алмайтын шеберлер бо­ла­ды, керісінше, күллі елді өз лабораториясының ішіне енгізгендей, қай түкпіріне барса да, алдынан өз туын­ды­лары қасқайып қарсы ала­тын ғажайып тұлғалар да бар.  Шоқтығы биік Шота Уәлиханов – соның айқын дәлелі. Ол еңселі елордамыз төріндегі ХАН КЕНЕ, ал оған дейін әкімдік ғимараттарды айтпағанда, ару Алматының алаңында тұрған тұтас ға­сыр­­ла­р­дан бергі қазақтың өр рухы мен тарихының сим­­во­лындай ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ, шығысымыз – Абай туған қасиетті мекен Семейдегі ядролық сынақтың зардабын тартқан халықтың жан азабын «ӨЛІМНЕН КҮШТІ» атты монументке сыйдырған, ал бәрінен бұрын Тәуелсіз еліміздің ең басты рәміздерінің бірі – ЕЛТАҢБАМЫЗДЫҢ авторы. 

Шежіресі Шыңғыс ханнан тамыр алатын...
...Шота Уәлиханов –  атақты Шыңғыс төре тұқымынан, яғни Алаштың арда ұлы Шо­қан­ның інісі Мақының немересі. 1932 жылы бір кездері Айғанымдай ел билеген адуынды әжесінің иелігінде болған ұлы Сырымбет тауының етегінде дүниеге келген  сәби – бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан  Алаштың ардақты ақсақалы. Сәулет өнеріндегі ұлттық бояу оған арғы тегінен қанымен келсе, бесігінде жатқаннан бастап та баланың құлағына ұлы бабалары туралы аңыздар айтыла берген. Сондықтан жазушы Роллан Сейсенбаев айтқандай, «ол тудыр­ған дүниенің бәрі – ХХ-ХХІ ғасырлар­дағы Қазақстанның тарихына тиесілі бір­тұтас, көркем бейнелі, моральдық-психоло­гиялық, тарихи-ождандық құжат».
Көрнекті қоғам қайраткері, еңбек сіңір­ген сәулетші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Шота Уәлихановтың 80 жылдық мерейтойы құрметіне таяуда Ә.Қастеев атындағы Өнер мұражайында сол еңбектің тұсаукесері әрі тұлғаның тұтас өмірі мен шығармашылығын қамтитын фотосурет көрмесі ұйымдасты­рылды.

Шәкір ЫБЫРАЕВ, филология ғылымының докторы, профессор:
– Қазақ өнері мен мәдениетінде мемлекеттік маңызы бар ғимараттар мен қазақтың ең бір бедерлі кезеңдерін қамтитын монументтер, еңселі ескерт­кіш­тер жасаудың ең қадірлі төрінде осы Шота Уәлиханов ағамыз тұр. Бір ғана Елтаңбамыздың авторы деген атының өзі қандай мәртебелі құрметке лайық! Жалпы, ол кісінің шығарма­шылығына тән ең басты ерекшелік – ХХІ ғасырдың сәулет өнерінің қыр-сырын да меңгер­ген, сондай-ақ ұлттық бояуды да еш уа­қыт­та ұмытқан емес. Бүгінгі мерей­тойға таңғаларлық табыспен жеткен Шота Ыдырысұлының өмірі мен шығар­машылығына арнал­ған көрме­ден тұтас ұлттың тарихын көрмеу мүм­кін емес.

Айта кетерлік тағы бір жайт, көрмемен қатар мерейтой қарсаңында «Атамұра» корпорациясы «Шота Уәлиханов» атты кітабын шығарды. Орысша, қазақша және ағылшынша үш тілдегі кітапты құрастырған әрі  дизайнын жасаған – өз немересі Гауһар.  Кітаптың алғашқы бөлімі бала Шотаның туылу тарихы мен шежіресі болса, екінші бөлімінде жас Шотаның студенттік дәурені, зайыбы Зинаидамен танысу кезін қамтиды, үшінші бөлімі шығармашылығына арна­лады. Төртінші және бесінші бөлімінде қай­раткер тұлғаның өмірі, ортасы қамтыла­ды. Барлығы да фотосуретпен көмкеріліп отыр­ған.
Рақымғали Құл-МҰХАММЕД, «Атамұра» корпорациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Шота Уәлиханов – бір қызығы, тек сәулетші ғана емес, суретші, ақын, тіпті аудармашы да, жалпы, қазақта қандай өнер болса, ешқайсысынан құр алақан қалмаған ерекше жан. Күллі қазаққа еңбегі сіңген асқар таудай аға­мызға тамшыдай болсын інілік ілтипа­тымызды көрсетейік деген ойдың жемісі – осы кітап. Расында, Шота еңбектері – Алаш баласы үшін атаның мұрасы. Қазақта «Күш – білімде, білім – кітапта», «Мұхит басы – бұлақ, білім басы – кітап» деген сөз бар. Сондықтан әр адам өз ғұ­мырын саралап, осындай мерейто­йын­да бір-бір кітап шығарса, артық болмайды. Себебі ас ішіледі, киім тоза­ды, ал білім мен кітап кейінгіге мұра болып қала бермек. Бүгінгі мерейтой­дың ең басты ерекшелігі осы кітаптың шығуында деп ойлаймын.
Қырым АЛТЫНБЕКОВ, реставратор, «Құрмет» орденінің иегері:
– Шота ағамызды қазақ халқының маңдайына біткен ұлы перзент деп айтуымызға әбден болады. Бұл оның қолымен жасаған әрбір туындысынан көрініп тұр. Халқының бүкіл ішкі болмы­сын түсініп, арғы-бергі тарихын түгел біліп, соған қарап өз образын жасаған Шота ағамыз – сонымен қатар сол ісінің нәтижесін осыншалық жасында халқы­мен бірге көріп отырған бақытты жан. Себебі ол  – екінің біріне беріле бер­мей­тін бақыт.

Шоқанның арманын арқалап...
Шота ағамыздың сәулет өнерімен ғана шектелмейтінін жұрт жақсы біледі. Ұлы сәулеткерлігі өз алдына, ол – соншалық ше­­бер суретші, сондай-ақ ақын әрі дра­матург те.  Шота Ыдырысұлының қазақ халқы тарихындағы тоталитарлық кезеңнің қан­ды беттерін қамтитын «Жазықсыз төгілген қан», сонымен қатар бабасы Шоқан жайлы бір емес, «Шоқанның анты» (1985), «Шоқанның жарық түндері» (1986) атты бірнеше пьесасы бар. Алматы қаласында Ғалымдар үйінің алдында ойланып тұрған Шоқан бейнесі де –  Шота сынды ұрпағы­ның қолтаңбасы. Шоқан жайлы Олжас Сүлейменов: «Ол келешектің адамы еді, өткенде өмір сүрді...» деп жазса, Шота сол Шоқан бабасының жете алмай кеткен арманы мен қиялын ұрпағына жалғап, бүгінге жеткізуші десе әбден болғандай.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста