Шевченко шығармашылығының шырайы

Кеше Украинаның Қазақстандағы елшілігінде «Тарас Шевченко және Қазақстан» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Бұл басқосуға елшілік өкілдері мен қатар белгілі қаламгерлер мен тарихшылар қатысты.

Мәдени іс-шара барысында Т.Шевченконың ықпалымен украин халқы тарихи бетбұрыс жасағандығы атап өтіліп, ол болмағанда украин халқы, тіпті, басқаларға сіңіп кетер еді деген де тосын пікірлер айтылды. Украиндар Тарас Шевченконы «халықтың әкесі» деп тегін атамаса керек.

Бір айта кетерлігі, қазіргі кезде жазушының арқасында әдемі де әуезді украиндық мова тілі қолданыста қалып отыр.
Дөңгелек үстел барысында қаламгердің Украинаға, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі өркениетіне шығармашылығымен, бай мұрасымен қатыстылығы талқыланды. Тағдырлы қаламгер жайында әңгіме өрбіткендер ХХ ғасырдағы қазақ қаламгерлерінің шығармашылығындағы украиндықтар туралы көтерілген тақырыптарға кеңінен тоқтала келіп, «Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов барлық түркі тілдес әдебиеттерге қызығушылық танытуымен қатар, орыс және украин әдебиетіне де зор ықылас бөлген. Мәселен, 1954 жылы ол Т.Шевченконың «Назар Стодоля» поэмасын қазақ тіліне тәржімалағанын ерекше атап өтті.

Өмірінің он жылдай кезеңін Маңғыстауда жер аударылып жүріп өткізген Украинаның ұлы кобзарі Т.Шевченко жергілікті халықтың тіршілігіне, салт-дәстүріне қатысты мол мұра қалдырған. Жазушылықпен қатар, суретші ретінде де танылған ол қазақ өміріне қатысты «Киіз үйде», «Шарқала», «Келі түйген қазақ әйелі», «Қазақ қызы Катя» сынды тамаша суреттер салып, Шевченко шығармалары Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, Қ.Бекхожин, С Мұқанов, С.Мәуленов сынды қабырғалы қазақ жазушыларының тәржімалауымен бірнеше рет кітап болып жарық көрген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста