Сахна шеберлері туралы кітап жарық көрді

Жуырда Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты «Таңбалы» баспасынан «Қазақ сахнасының шеберлері» атты ғылыми-танымдық кітапты жарыққа шығарды. Кітап қазақ театрының танымал тұлғаларын, ұлттық сахна өнері қас шеберлерінің өзіндік шығармашылығын насихаттайды.
«Мәдени мұра» бағдарламасының жа­рыққа шығарған туындыларымен көзі-қарақты жұрт жақсы танысып келеді. Тә­уелсіз баспалар да ұлт руханиятын наси­хат­­тауда алдына жан салмауда. Жа­қында ға­на «Таңбалы» баспасынан жарық көрген «Қа­зақ сахнасының шебер­лері» атты ғы­лыми-танымдық еңбек сөзі­мізді тағы бір рет дәлелдесе керек. Ғылыми-энцикло­пе­дия­лық зерттеудің мақсаты туралы автор Аман­гелді Мұқан: «Қазақ сахнасының не­гізін қалаушы танымал тұлғалардан бастап, бү­гінгі күнге дейін дамып өркендеген орын­дау­шылық өнерді оқырмандармен та­ныс­ты­ру. Театртанушы мамандар қазақ сахна өне­рінің тарихында елеулі із тастаған, Рес­пу­бликаға және кезінде Одаққа танымал сах­на жұлдыздар шоғырын: актер, режис­сер, әнші, биші, балетмейстерлердің өмір жо­лы мен шығармашылық жолын зерттеп жаз­ды. Қазақ театрының өркендеуіне елеулі еңбек сіңірген танымал тұлғалар Ж. Шанин, С.Қожамқұлов, Қ.Қуа­нышбаев, Е. Өмір­за­қов К.Байсейітова тағы басқалар бастап, олардың ізін жалғас­тырушы өнерпаздардың шығармашылық келбеті қазақ театр өне­рі­нің тарихымен, жеткен биіктерімен ажы­ра­мас­тай тұтастықта қарастырылады», – деп ағынан жарылды.
Мырзабай ОМАР, өнертанушы ғалым:
– Бұл кітап – қазақ руханиятына қосылған сүбелі еңбек. 100-ге жуық қазақ сахна өнері майталмандары кітап­қа енді. Ғылыми-энциклопедиялық туын­ды қазақ тілінде алғаш рет шыға­рылып отыр. «Таңбалы» баспасы ұлт руха­ниятының түрлі серияларын бас­падан шығарып жүр. Бүгінгі кітап «Ұлт руханияты» деген сериямен шықты. Бибігүл Төлегеновадан бастап, Тұң­ғыш­бай Жаманқұловқа дейінгі аралықты қам­тыған туынды елімізге пайдалы боларына сенімдіміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста