Қазан айының 3-жұлдызында әнші Рүстем Нұржігіт «Ақ көйлегің» атты әніне түсірілген жаңа бейнебаянының тұсаукесерін өткізді. Кеш Алматыдағы «MEGA Park» орталығында болды.
Әншіні жаңа жобасымен құттықтауға өнердегі әріптестері келді. Олардың қатарында Баян Есентаева, Ерік Тәстембеков, Жанар Дұғалова, Ғалымбек Есбергенов бар.
«Ақ көйлегің» әні Абай Акбаевтың әні мен ақын Құрманай Бақтиярқызының сөзіне жазылған. Шоу-бизнес саласындағы сарапшылардың пайымдауынша бұл ән той хиттарының ең танымалы болады деп күтілуде.
Бейнеклип Киевте түсірілген. Басты рөльдерді «Лашын» тобының әншісі Елизат Берикова мен «Queexx» тобының инста-вайнері Марлен Капбар сомдаған. Ал танымал қазақстандық дизайнер Аида Кауменова арнайы түсірілімге ұлттық нақышта той көйлегін тіккен. Тұсаукесер барысында аталған жоба қатысушылары бейнебаянға қатысты көпшіліктің сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар, MEGA-ға келген жас жұбайлар Рүстем Нұржігіттің орындауындағы «Ақ көйлегің» әніне өздерінің алғашқы жұбайлық биін биледі.