Қазақстандық ғалымдар Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапары ізімен жүріп қайтпақ

Қытай, Қашқар. ©REUTERS

2014 жылдың 24 шілдесінде қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойына арналған "Қазақстанның ұлттық жағрафиялық қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің жобасы іске қосылады.
Ол бойынша отандық жағрафия, тарих, биолог, этнограф және тіл мамандарынан тұратын бір топ ғалым Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға керуенмен сапарлаған жолы ізімен экспедицияға шықпақшы. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне аталған экспедиция жетекшісі, жағрафия ғылымдарының докторы Орденбек Мазбаев мәлімет етті.

              Қашқартанушы Смайылжан Имінов, Қазақстан жағрафия институтының директоры Ахметқали Медеу және экспедиция жетекшісі Орденбек Мазбаев. Фото Владимир Прокопенко©

            Кашгар. ©AFP

Оның айтуынша, экспедицияға қатысушылар 12 күн барысында ҚХР мен Қырғызстан территориясын басып өтететін алты мың шақырым жолды артқа тастауы тиіс: Астана (Алматы) - Үрімші - Қарашаһар - Қорла - Кучар - Ақсу - Қашқар - Артуш- Янгисар - Жаркент - Қағалық - Хотан - Қашқар - Тұрағат - Нарын - Таш-Рабат- Бішкек- Астана (Алматы). Ғалымдар Ұлы Жібек жолының қазіргі жағдайдағы туристтік мүмкіндіктерін зерттеп, Қазақстан, ҚХР Шыңжаң-ұйғыр автономды ауданы мен Қырғызстан территорияларын жаппай қамтитын ауқымды халықаралық тур жобасын жасамақшы.

            Шокан Уалиханов

Сондай-ақ экспедицияға қатысушылар Қашқарияның тарихы, жағрафиясы, этнографиясы, тіл білімі бойынша деректерді жинастыруды, Марко Поло, Шоқан Уәлиханов, Николай Пржевальский, Петр Козлов, Алексей Куропаткин, Карл Маннергейм, Аурел Стейн, Свен Гедин, Гуннар Ярринг және Юрий Рерих сынды ұлы саяхатшылардың алған бағытын зерттеуді жоспарлаған.

Қашқария экспедициясы қорытындысы бойынша  Шоқан Уәлихановтың осы аймаққа сапарына айырықша маңыз беретін, осы аумақтың тарихы, этнографиясы, биологиясы, тіл білімі жөніндегі түрлі мақалалардан тұратын альбом-кітап басып шығу жоспарланған. Жоба аяқталған соң болашақта Орталық Азия мемлекеттері мен ҚХР-дің туристтік мүмкіндіктерін біріктіруі тиіс "Орталық Азиялық Алтын Шеңбер" жобасына қолданылатын экспедиция барысында жинақталған деректер бойынша бейнефильм түсіру де қолға алынбақшы.

Қазақстандағы жағрафия институтының директоры Ахметқали Медеудің айтуынша, бұл экспедиция аталған аймақтың құрамы, табиғаты, өмір сүру салты қаншалықты өзгергенін білуге мүмкіндік тудырады. "Мұның барлығы зерттеуді, аймақтың есігін қайтадан ашуды талап етеді. Қашқария сапары үлкен қызығушылық туғызып отыр. Ол Уәлихановтың кезінде де өте қатты қызығушылық тудыратын. Біз өз территориямызды,сол секілді көршілеріміздің территориясын оларды жақсы түсіну үшін жетік білуіміз керек" дейді профессор.

Экспедицияның ғылыми жетекшісі Смайылжан Имінов Уәлиханов Қашқарияға сапарын 155 жыл бұрын аяқтағанымен бұл өңір әлі де жақсы зерттелмеген әрі көп құпияны сақтап жатыр дейді. "Қашқария - үнемі құпияға толы, зерделенбеген мемлекет. Сондықтан да болар осы аумаққа көптеген белгілі саяхатшылар жол тартқан. Уәлиханов Қашқарияда бес айдан артық өмір сүрді. Ол өз сапарын кітапқа түсіріп отырғанымен, көптеген құпия саяхатшылар үшін әлі ашылмаған. Біз аз жазылған қалаларды басып өтуді көздеп отырмыз. Мұның барлығы зерттеу үшін аса қызықты болады. Біздің екі мақсатымыз бар: ғылыми және туристтік. барлығын көріп, оны жариялау қажет" дейді қашқартанушы.

Ресей жағрафиясы ғылымында өшпес жазба мұра боп қалған Қашқария сапарына Шоқан Уәлиханов 1858 жылы маусымда, 22 жасында аттанған. Ол үлкен жолға Семей көпесінің керуенімен бірге шыққан. Уәлиханов бұл сапарына басын тақырлап, үстіне шапан киіп, Әлімбай көпес деген лақап атпен шыққан. 1859 жылдың 12 сәуірінде сапарының басталғанына 11 ай болғанда Шоқан Уәлиханов Верныйға қайтып оралады. Экспедиция қорытындысы бойынша ол "Алтышара немесе Қытайдың Нан Лун провинциясындағы (кіші Бұқара) алты шығыс қаласының жағдайы туралы" (1858-1859) есеп әзірлеп, жазып шығады. Оның бұл еңбегі Ресейдің және одан тысқары елдердің шығыстанушыларымен жоғары бағаланып, көп ұзамай ағылшын тілінде де аударылып басылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста