«Қазақстан» ұлттық арнасында қыркүйек айынан бері көрсетіліп келе жатқан «Қазақстан дауысы» теледуманы желтоқсанның 15-інен бастап тікелей эфирде өтетін болады», – деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.
Үміткерлердің көмейінен шыққан әрбір дыбыс, олардың жүріс-тұрысы мен сол сәттегі көңіл күйі тайға таңба басқандай көрерменнің көз алдында өтпек. Қазақстандықтар жобада қалған 32 үміткердің ішінен өзі ұнатқан әншіге SМS арқылы дауыс беру мүмкіндігіне ие болады.
15 желтоқсан күні әр тәлімгердің тобынан төрт әншіден, яғни барлығы 16 үміткер өнер көрсетеді. Әр топтан екі үміткер ғана келесі кезеңге жолдама алады. Олардың бірі көрермен дауысының қорытындысы бойынша өтсе, екіншісін тәлімгер таңдайды. Осылайша, әр топтан екі өнерпаз жобамен қош айтысады.
Тікелей эфирдің алғашқы күнінде Алмас Кішкенбаевтың тобынан бірінші болып өнер көрсететіндер: Ару Әуезова, Азамат Мәдуәлиев, Бердібек Құлғараев, Әлібек Сұрабалдинов.
Алмастың тобындағы осы үміткерлердің өнерлерін Мәдина Сәдуақасованың тобы жалғастырады. Олар: Айнара Айтқалиева, Гүлсім Макетова, Әділ Ахметжанов, Толғанай Пазылақын.
Ал Медеу Арынбаевтың тобынан алғаш болып өнер көрсететін үміткерлер: Санда, Жанғали Әбішев, Жанна Верещак, Айнұр Арашапова.
Содан соң тәлімгер Нұрлан Албанның тобы сахнаға шығады. Олар: Гүлжиян Оспанова, Күлайым Қайырбаева, Шахаризат Сейдахмет, Салтанат Меңдіғалиева.
Тікелей эфирдің алғашқы күні өнер көрсеткен 16 өнерпаздың сегізі ғана келесі кезеңге жолдама алады. Көрермендердің дауысын аз жинаған өнерпаздар жобадан шығып қалады.
«Қазақстан дауысы» енді тікелей эфирде
Последние статьи автора