«Қазақфильмнен» – Голливудқа!..

«Қазақфильм» киностудиясының қызметкері Ерболат Тоғұзақов жақында Голливудтың Мел Гибсон, Рассел Кроу, Джим Керри, Колин Фарел сияқты жұлдыздарымен жұмыс істеген көрнекті режиссер Питер Уирдің «Кері қайтар жол» («Обратный путь») атты фильміне түсіп қайтты. Ерболаттың бұл жетістігіне себепкер болған – белгілі каскадер Жайдарбек Күнғожинов. Бір айта кетерлігі, аталмыш фильмнің көріністеріне Жайдарбектің өзі де қатысқан. 

Питер Уир – даңқы әлемге жайылған режиссер. Оның ең табысты фильмдерінің бірі – басты рөлде «Оскар» сыйлығын үш мәрте иеленген Джим Керри ойнаған «Труман шоуы» атты картинасы. Сондай-ақ кино шеберінің ең табысты фильмдерінің бірі ретінде «Галлиполи», «Қауіпті өмірдің бір жылы», «Қиыр шеттегі теңіз қожайыны» фильмдерін атауға болады. Сергей Бодровтың «Моңғолын» көре отырып, Питер Уир Жайдарбек Күнғожиновтың жетекшілігіндегі қазақстандық трюк қоюшылардың кәсіби деңгейіне қатты таң қалғаны соншалық, каскадерларды өзінің «Кері қайтар жол» атты жаңа фильміне қалайда шақыруды ұйғарыпты. Сөйтіп, «Оскардан» үмітті болған «Моңғол» фильмі Жайдарбек Күнғожиновтың Голливуд биігіне қанат қағуына жол ашқан. Дәл қазіргі уақытта Жайдарбек дүниежүзілік деңгейдегі ең танымал режиссерлер тарапынан көптеген шақыртулар алып отыр.

«Кері қайтар жол» фильмінің оқиғасы сталиндік кезеңмен байланысты. Нақтырақ айтқанда, картинаға Гулагтың жеті тұтқынының Сібірден Үндістанға жаяу қашқан жансебіл әрекеті арқау болған. Өкінішке қарай, бұл азапты жолды тек үш қашқын ғана аяғына дейін жүріп өте алады. Идея авторларының айтуынша, фильм шынайы оқиғаларға негізделген. Түсіру жұмыстары Болгария, Марокко және Үндістан аумағында жүргізілген. Фильмде Ж.Күнғожинов актердің де, каскадердің де міндетін атқарған. Сценарий бойынша, оның кейіпкері – жанындағы қаруластарымен бірге қашқын тұтқындарды қоршауға алып, олардың Гоби шөлі арқылы өтіп кетуіне кедергі жасауға тырысатын моңғол.
Жайдарбек Күнғожиновтың сөзіне жүгінсек, картинада Голливудтың «Гладиатор», «Троя», «Астерикс пен Обеликс» тәрізді өзге де көптеген фильмдеріне тән декорация пайдаланылған және каскадерлердің әлемнің әр түкпірінен әкелінген жартылай жабайы аттарды ұзақ уақыт бойы мініп жүруіне тура келгендігі болмаса, трюктерді дайындау барысында айтарлықтай қиындық туындамаған. Бірақ аттарды дайындау үшін Күнғожиновтың тобына небәрі бір-ақ апта берілген.

Жайдарбек КҮНҒОЖИНОВ, каскадер:
– Питер Уир тобының кереметтей жинақы және ұйымдасқан түрде жұмыс істейтініне қатты қызықтым. Түсіру алаңында адамды атағына немесе шығу тегіне қарап бөлудің исі де білінген жоқ. Мұндай ірі жобаға қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Біздің тобымызды Питер Уирдің тікелей өзі бас болып шақырғанына қарағанда, өнеріміздің шынымен де соған тұратын болғаны ғой...

«Кері қайтар жолдың» түсіру алаңына тап болған бақыттылардың бірі – Ерболат Тоғұзақов екенін жоғарыда айттық. «Қазақфильмнің» қарт қызметкері болгар студиясы қызметкерлерінің қызыл матадан киім кигізіп, бетіне гримм жағып, актерлік міндетінің немен шектелетінін түсіндіргенін, сірә, ешқашан ұмытпас. Тибет ламасының бейнесін кейіптеген ол, Гулаг тұтқындарына көмектесуге тиіс болған. Голливуд жұлдыздарының арасында өткен екі күнді Ерболат Тоғұзақовтың әлі талай жыр ғып айтары анық. Ал Жайдарбек Күнғожинов болса, қазір «Ұлы мәртебелім» атты тарихи комедияның түсіріліміне аттануға қамданып жатыр. Қазақстандық каскадердің түсіру алаңындағы әріптесі бұл жолы атақты Натали Портманның өзі болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста