Қазақ телевизиясының энциклопедиясы жарық көрді

1999 жылы әлемде тұңғыш рет қалыңдығы 2200 беттен тұратын Телеэнциклопедия жарық көрген болатын. АҚШ, Ұлыбритания, Канада мен Австралия елдерінің ғалымдары бірлесе жүзеге асырған бұл бастаманы артынша жалғастырып алып кеткен ТМД елдерінің ішіндегі біріншісі біз болдық. Нақтырақ айтсақ, жарты ғасырдан астам тарихы бар Қазақ телевизиясының іргетасы қаланғаннан күні бүгінге дейін қызмет еткен тұлғалар есімі мен телерадио саласы терминдерін тізген «Қазақ телевизиясы» атты энциклопедиядық еңбек таяуда бізде де жарық көрді.
Кітап жобасының жетекшісі әрі идея авторы – филология ғылымының док­торы, профессор, Халықаралық теле­ви­зия және радио Академиясының кор­респондент-мүшесі, Құдайберген Тұр­сын. Жарық көр­ген екі томдық ең­бек­те алфавиттік тізіммен қазақ телевизия­сында маңдай тері, табан ізі қалған ардақтылардың есімдері, істеген істері қатталған.


Сағымбай Қозыбаев, филология ғылымының докторы, профессор:
– Негізі, энциклопедия шығару деген – ұлт болып жабылып жүзеге асырылатын үлкен жұмыс. Алайда сондай қиындығына қарамастан, Құдайберген Тұрсын жұртты жұмылдырып, өшкенді жағып, өлгенді тірілтерлік осы істі қо­лына алды. Бүгін міне, тұсаукесеріне келіп отырсыздар. Бұл әлі алдағы уа­қыт­та жалғасын табатын еңбек, себебі қазір екінші томдық К әрпімен тоқ­тады. Ендеше 60-қа келген ғалымға аман­дық тілеп, энциклопедияның қал­ған томдарын күтелік.

Сәлімгерей Сұлтаналиев, ардагер тележурналист:
– Осында отырған көбіміз қазақ телевизиясының кезінде отымен кіріп, күлімен шыққан мамандарымыз. Бүгін­де ардагеріне айналдық. Ал ара­мыздан кетіп қалған қаншама тұлғалар өз алдына. Телевизия сол уақытта алғызбас асудай қиын іс болғаны рас. Жоқтан бар жасап, іргетасын құюға қорықпай кіріскен басшылар бар, сонда қызмет істеген мамандар барлығының аттары аталып, еңбектері еленіп, ендігі ұрпақ назарына кітап бетінен ұсынылатыны қуанышты жайт, айтарлықтай оқиға.

Біле білсек, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі ғана емес, қазақ тарихында да елеулі орны бар тарихи дата. Естеріңізде болса, 1958 жылдың 8 наурызында Алаш жұрты ең алғаш көгілдір экран дегенді көрген болатын. Содан бер­гі 53 жылда қаншама кәсіби тележур­налистер мен саяси шолушы, телеком­мен­та­торлар мен телережиссер, телеопе­ратор, т.б. көптеген мамандар осы сала­ға ғұмырларын арнап, талай-талай жақсы дүниелерді жұрт назарына ұсын­ды. Нақ­ты санға жүгінсек, 1970-1990 жыл­дар аралығында Қазақ ССР Мем­теле­радио­ко­митетінің жүйесінде ғана 7000-ға жуық мамандар қызмет атқарыпты. Уақыт ағын су секілді, телевизия саласындағы ірілі-ұсақты мамандар, тіпті заңғар тұлға­лар да қызметі біртіндеп көзден таса, көңілден ада қалып жатты. Көпшілігі тіпті пәниден де кетіп қалғаны рас. Сол себепті өткенді бір екшеп, тасқа басылғандай бір белгісін қалдыру мақсатында арнайы энциклопедия түзу қажеттілігі туған. Есі­мі энциклопедияға енген ардагер аға­лар мен апалардың, бір кездегі телеэкраннан қазаққа жарқырай көрінген жұл­дыз­дардың көпшілігі кітаптың тұсауке­серінен табылды. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, әйгілі Темкең, Темірбек Жүргенов атындағы аудиторияда өтті. Яғни, журналистер мектебі, қара шаңырағында аға буын, артынан ерген бала буынның басын қосқан бұл да бір оқиға болды деуге әбден болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста