Қазақ театрындағы күй кеші

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрын­да жергілікті күйші, облыстағы дәстүрлі күйшілер ақсақалы Өтеген Жұмашевтің 80 жылдығына орай күй кеші өтті.
Өтеген Жұмашев – күйді нотасыз мең­гер­ген бұрынғы бабаларымыздан қалған саусақпен санаулы өкілдің бірі. Әйгілі Құр­манғазы мен Дәулеткерейді туған Нарын құмында дүниеге келген ағамыз – жас­тайы­нан ел аралап, бүгінде ұмыт бола бас­таған сирек күйлерді өз қалпында жаттап қалған өнерпаз. Өтеген ағамыздың орын­дауында қазақтың өте сирек тартылатын күйлерінің бір парасы Қазақ радиосының «Алтын қорына» жазылған екен.
Осы кеште сексеннің сеңгіріне шыққан ақ­сақалдың «Шаттық» атты CD дискісінің тұ­саукесері өтті. Бұл дискінің шығуына мұрындық болып, демеушілік көрсеткен – кеш иесі Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры. Күйтабаққа Өтеген Жұ­машевтың «Шаттық» атты өз күйі мен Құр­манғазы, Дәулеткерей, Мәмен, Сейтек, Махамбет тағы басқа күйшілердің 20-дан астам шығармасы топтастырылған екен. Дискіге белгілі күйші, өнертанушы Нұржан Сертеков алғысөз жазыпты.
– Бұл кісінің ерекшелігі – нағыз көненің көзі, құймақұлақ домбырашы. Нақыш, Қожақ, Мүсірәлі секілді күйшілердің шы­ғар­маларын бүгінде бұл кісіден басқа еш­кім тартпайды. Ақсақалдың жасы 80-ге кел­се де, есту қабілеті өте күшті, бұрын естімеген күйін бір тыңдап алып-ақ қайта орындай береді. Тағы бір ерекшелігі, Өтеген аға – ұзаққа шабатын домбырашы, бір-екі күйден ашыла бермейді, күйді екі-үш сағаттап тартады, – дейді Нұржан Сер­теков.
Күй кешіне Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ­тың Құрманғазы атындағы ұлт аспап­тар оркестрінің бас домбырашысы, күйші, сазгер Тұяқберді Шәмелов, Жайықтың бас­қа да танымал күйшілері қатысып, әдемі естелігімен бөлісіп, қара домбырадан күй төкті.
Бір қуанарлығы, Орал қаласында осын­дай керемет күй кеші осымен екінші мәр­те өткізіліп отыр. Осыдан бір ай бұрын Қазақ драма театры күйші әрі домбыра жа­сау­шы шебер Едіге Нәбиевтің «Нарын сазы» атты күйтабағын шығарып, осындай әсерлі тұсаукесер ұйымдастырған болатын. Театр директоры, ұлтжанды азамат Құ­жыр­ғали Төлеуішевтің айтуынша, жақсы дәс­түр болашақта да жалғасын табады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста