Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Ұлыбританиядағы Golden Time Talent байқауының гранд-финалына өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соңғы сында жерлестеріміз Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін шертіп, қазіргі заман туындыларынан попурри орындады.
«Hollywood төріне қазақтың қара домбырасын алып шығып, 72 ел қатысқан додада алтын медальге ие болдық! Құтты болсын, Қазақстан!», – деп жазды Темірлан Олжабаев өзінің парақшасында.
Ұйымдастырушылар шоудың грант-финалын 23-27 мамыр аралығында өткізу жоспарлап отыр.