ҚАЗАҚ баласы орындайтын ҚАЗАҚЫ әнге зәрумiз

ҚАЗАҚ баласы орындайтын ҚАЗАҚЫ әнге зәрумiз

Әлемнiң қай елiнде болсын балалар әдебиетiне, балалар ақын-жазушыларына, сазгерлерiне құрмет ерекше. Өйткенi балаларға арнап қызықты шығармалар жазу екiнiң бiрiнiң бағына бұйырмаған. Балаларға, жасөспiрiмдерге арналған әндер көңiлдi, жарқын, қызықты болу керек. Дәл қазiргi заманда балаларға рухани байлық, жылылық пен мейiрiм жетпейдi. Күннен-күнге балаларға арналған әндер сиреп, балғындар үлкендердiң әнiн орындап, ерте есеюге тырысатындай. Кез келген балаға «ән айтшы» десең, бiрден махаббат туралы әндi тақылдап айтып бередi. Сонда олардың тәп-тәттi тiлiне арналған, жастарына сай әндердiң жоқ болғаны ғой? Бiздiң қоғам осы мәселеге қалай қарайды? Айтары барлар не дейдi?

Жоламан ТҰРСЫНБАЕВ, Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң бас сарапшысы:
БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ – ЖАНЫҢДЫ АУЫРТАТЫН МӘСЕЛЕ
– Балалар шығармашылығы төңiрегiндегi мәселе бүгiнде жаныңды ауыртатын тақырып болып отыр. Балаларға арналған ән де, билейтiн музыка да, шығармалар да жоқтың қасы. Бұрындары қазақ радиосында бiр жарым сағаттық балаларға арналған хабарлар берiлiп, телевизияда да балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер қойылып тұратын едi. Соның өзiнде балаларға арналған ештеңе жоқ деп жылайтынбыз. Ал қазiр тiптi азайып кеттi. Соңғы екi жылда Мәдениет министрлiгiнiң ұйымдастыруымен балалар мен жасөспiрiмдерге арналған музыка және әдеби-сахналық шығармалардың ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурсы өткiзiлiп жүр. Бiрақ бұл өте аз, теңiзге құйған тамшыдай-ақ.
Бұл пiкiрден не түйдiк? Байқағанымыздай, мемлекет тарапынан балалар шығармашылығына қамқорлық аз. Өткiзiлiп жүрген байқаулар тек сырт көз түк жоқ деп айтпас үшiн, түймедейдi түйедей етiп көрсету үшiн ғана өткiзiлетiн секiлдi. Сонда бiз кiмдi алдаймыз: өзгенi ме, өзiмiздi ме? Мұндайда орыстың белгiлi сазгерi В.Шаинскийдiң «балалардың музыкалық мәдениетiн жаңғыртуда бiр ғана адамның әрекетi жетпейдi, сөз жоқ, барша қоғам болып атсалысу керек» деген сөзi ойға оралады.
Оразақын АСҚАР, «Балауса» баспасының бас редакторы, ақын:
«БАРЫМЫЗ ДА, ЖАНЫМЫЗ ДА – БАЛАЛАР ҮШIН» ДЕГЕН – ҚҰР АЙҚАЙ
– Бiздiң баспадан Үкiмет тарапынан қаржы бөлiнiп, балаларға арналған 50 томдық шығады. Бiрақ таралымы өте аз, 2000 дана ғана. Бұл кiтапханаларға тегiн таратылады, бiрақ сатылмайды. Балаларға арнап жазатын жазушылар да, авторлар да бар, бiрақ жеке авторлардың кiтаптарын шығаруға қаржы жоқ. «Балалар – бiздiң болашағымыз, барымыз да, жанымыз да – балалар үшiн» деп жар саламыз. Бiрақ бұл – құр айқай. Жоғарыдағылардың балалар шығармашылығымен шаруасы жоқ. Бiздiң дүкендерiмiзде Ресей авторларының кiтаптары толып тұр. Ал балаңызға қазақша кiтап әперейiн десеңiз, таппайсыз, тапқан күннiң өзiнде кiтаптар өте қымбат, 1000-1500 теңге. Қымбат болмаса, қаржысын ақтамайды.
Иә, бұл да – үлкен мәселе. Рас, бүгiнде кiтап шығаруға қыруар қаржы керек. Бiрақ бiздiң «жазғыштарымыз» өз руы, шежiресi, ата-бабасы туралы өзiнен басқа ешкiм оқымайтын дүниелердi жазуға келгенде алдарына жан салмайды. Ондайда демеушi де, қолдаушы да табыла кетедi. Ал қоғамдық маңызы бар дүниеге келгенде, жан-жағымыздан кiнәлiнi iздейтiнiмiз де өтiрiк емес қой?..
Алтын МАХАМБЕТОВА, «Әншi болғым келедi» жобасының продюсерi:
ӘН ДЕ БАР, ӨЛЕҢ ДЕ БАР, ТЕК НАСИХАТ ЖОҚ
– Балаларға арналған ән, өлең жоқ дегенге мен өз басым келiспеймiн. Қазiргi заман тақырыбына сай келетiн балалар әндерi мен өлеңдерi де жазылуда. Тек дұрыс насихат жоқ. Балалармен жұмыс iстеген жетi жылдың iшiнде талай жақсы әндер мен ән мәтiндерiн жазған ақын-сазгерлердiң әндерiн балаларға орындатып, жарыққа шығардық. Ата-ана, туған жер, мектеп, достық туралы, патриоттық тақырыптардағы әндер толып жатыр. Олардың арасында Шөмiшбай Сариев, Ибрагим Исаев, Әбдiрахман Асылбек, Дүйсенхан Сыздықов, Мақсат Жәутiков, Естай Елекеев секiлдi белгiлi ақын-сазгерлердiң де шығармалары бар. Бiздегi басты проблема, балалар үшiн қызмет етiп, балалар шығармашылығымен айналысып жүргендерге мемлекет тарапынан қолдау жоқ және насихатталуына күш салынбайды. Негiзiнен, Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнде балалардың концертiн жекелеген продюсерлер, балалар жанашырлары өз күштерiмен ұйымдастырып жүр. Ал балалардың ән өнерiне деген құлшынысы, ата-аналарының қызығушылығы мен қолдауы өте жоғары. Қазiргi кездегi талапты балалардың да өзiндiк шоу-бизнесi қалыптасып келе жатқан секiлдi.
Балаларға өлең жаттатып, ән шырқатудағы мақсат – олардың бәрiн әншi етiп шығару емес, мәдени, рухани тәлiм-тәрбие беру. Қазақ халқының ән-жырымен сусындатып, сахна өнерiне баулу. Әрине, өз ниеттерiмен балалар көркемөнерi үшiн қызмет етiп жүрген азаматтар жоқ емес. Бiрақ осы азаматтарды қолдаушылардан қарағанда, сынаушылар көп. Осы бiз неге мемлекетке қол жайып отыра беремiз? Ал өз еркiмен құлшынып iске кiрiскендердi етегiнен тартуға дайын тұрамыз? Сондықтан да кежегемiз кейiн кетiп, барымыз насихатталмай қалып жатқан жоқ па?

СЫРТ КӨЗ:
Орал БЕКҚЫЗЫ:

– Балаларымыз «Қазақстан» телеарнасындағы «Еркетай» бағдарламасын асыға күтедi. Қазақ радиосындағы «Балауса» бағдарламасын тыңдайды. Өз басым, бұдан басқа бағдарламаларды бiлмеймiн. Ал ендi спутник арқылы таралатын Ресей телеарналарын қосып қалсаңыз, балаларға арналған жеке арна бар, танымдық, тапқырлық, қызықты да, тартымды бағдарламалар жетерлiк. Балалар бұл бағдарламалардан көп дүние үйренедi, қызығады. Бiрақ мен балаларымның тiлi орысшаланғанын қаламаймын.

ТҮЙIН СӨЗ
“Бесiк жырынан” басталатын балғындар әндерiнiң ерекше құдiретi бар. Ән-өлең бала бойына ана сүтiмен дариды. Бөбек анасының әдемi әуенiмен ұйықтап, уiлдеген әнмен тiлi шығады. Дүниеден хабары жоқ бесiктегi сәбидi елiтiп, жыласа жұбататын әннен артық құдiрет бар ма? Бөбектерге арнап ән жазудың қиындығы да осында болса керек. Себебi балалар әнi – әлемдегi барлық жырдың бастауы да, нәрi де. Сондықтан балалар шығармашылығы мәселесiне келгенде, бiр-бiрiмiзге сiлтемей, ең бiрiншi, мемлекет, ата-ана, мұғалiм, ақын, сазгер, жалпы қоғам болып жұмыла үлес қосайық...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста