Отандық актриса Бибігүл Ақтан эротикалық мәндегі төсек сахналары бар "Көңілдес" деп аталатын фильмге түсті деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы актрисаның өзі желідегі парақшасында хабарлады.
Актрисаның айтуынша, фильм кеше, 12 маусым күні елге ұсынылған.
"Бүгін, "Көңілдес" деп аталатын поэтикалық фильмнің таныстырылымы болып өтті. Бұл 1931 жылы атылған ақын, философ, аудармашы Шәкәрім өлеңінің алғашқы экранизациясы. "Silk Road" фестивалі - коммерциялық жоба емес. Оның мақсаты - жастар арасында поэзияны насихаттау, бай поэтикалық құндылықытрады жаңа видео формада сақтауға үлес қосу", - деп жазды ол.