Ертең сағат 16.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде белгілі қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Уахап Қыдырханұлының 80 жасқа толуына арналған мерейтойлық салтанатты кеш өтеді.
Уахап Қыдырханұлы публицист ретінде де баспасөзде заманның сөзін айтқан, тарихи-танымдық ойлы мақалаларымен оқырманын сусындатып, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығын төрт мәрте иеленген.
Ұлт әдебиетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосып келе жатқан қаламгердің «Әттең, Алтай», «Марқакөл» атты тарихи кітаптары, «Шаңқай түс», «Таң нұры», «Тасқайнат», «Алтын ай» атты әңгіме-повестер жинағы, «Сағыныш саздары» атты диаспоралық шежіре кітаптары өзінің лайықты бағасын алған.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының негізін салушылардың бірі саналатын жазушы сондай-ақ қасиетті Құран Кәрімнің түсіндірмелі-мағыналық тәржімесін жасаған.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырып отырған әдеби кешке қаламгердің шығармашылықтағы әріптестері, танымал мәдениет және өнер өкілдері, көрнекті ғалымдар қатыспақ. Келемін деушілерге есік ашық.
Қаламгер мерейі
Последние статьи автора