Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар мен келіні Жібектің ара қатынасы қызу талқылануда.
Оқырманның күдігін тудырған нәрсе олардың соңғы уақытта бірге түскен суреттерін өшіріп тастап, шетелге де бөлек шығуы. Мәселен, екі күн бұрын Заңғар Гонконгке жалғыз өзі сапар шеккен. Оның үстіне ол әйелімен түскен барлық суреттерін Instagram-дағы парақшасынан өшіріп тастаған. Жібектің парақшасында да сондай жағдай.